ШАМАЛҒАНДА ЖЕҢІЛ КӨЛІК ДҮКЕНГЕ СОҒЫЛЫП, ЖҮРГІЗУШІ МЕРТ БОЛДЫ

Уақыты: 20.04.2021
Оқылды: 1185
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Шамалғанда жеңіл көлік дүкенге соғылып, 79 жастағы қарт жүргізуші мерт болды. Тағы үш адам ауруханаға түсті. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы кеше сағат түскі 13:00 шамасында Қарасай ауданының Шамалған ауылында болған.

«Алдын ала ақпарат бойынша, «Kia Ceratto« автокөлігінің жүргізушісі Алдашев көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатып, жол жиегінде тұрған "Faw" автокөлігімен соқтығысқан. Одан әрі инерциямен дүкенге ұрылған. Алған жарақаты салдарынан "Kia Ceratto" автокөлігінің 79 жастағы жүргізушісі апат орнында қаза болды. Сондай-ақ, оның үш жолаушысы түрлі жарақаттармен Қаскелең қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды», - делінген полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сараптама тағайындалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан