КАФЕГЕ КІРІП, КҮЗЕТШІЛЕРДІ ҰРҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚЫЗМЕТТЕН ҚУЫЛДЫ

Уақыты: 16.08.2021
Оқылды: 1140
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қапшағайда кафеге кіріп, күзетшілерді ұрған полицейлер қызметінен қуылды. Бұл ақпаратты Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, кафеде бұзақылық жасаған 4 полицей Қапшағай қаласындағы органда жұмыс істеген. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қапшағай қаласының полицейлері ішімдік ішіп алып, кафенің күзетшілерін ұрды делінген жазба тараған еді.

Жанжалдың туындауына күзетшінің әрекеті себеп болған. Яғни, ол демалушыларға демалыс орнының жабылатынын айтып, бірнеше рет ескерту жасаған. Бұл ескерту тәртіп сақшыларына ұнамаған. Сол себепті күзетшілерді ұрған болуы мүмкін.

Атышулы оқиға Қапшағай қаласындағы «Delmare» кафесінде болған. Зардап шеккен екі күзетші ауруханаға жатқызылған. «Аталған фактіге сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Алматы облыстық полиция департаменті өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"