ЕСІКТЕ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ. ӘКІМДІК ЖАНЖАЛДЫҢ НЕДЕН ШЫҚҚАНЫН ТҮСІНДІРДІ

Уақыты: 06.11.2022
Оқылды: 1318
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Еңбекшіқазақ ауданында жанжал болып, түрлі жарақатпен бес ер адам ауруханаға түсті. Анықталғанындай, оның біреуі оққа ұшып, қалған төртеуі өткір заттан жарақат алған.

Аталған жайтқа байланысты Алматы облысының әкімдігі: "Науқастардың бірі алған жарақаттарынан кейін ауруханада қайтыс болды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екеуі амбулаториялық емделуге ауыстырылып, үйлеріне жіберілді. Тағы екі ер адам дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 1, 6, 7 және 9-тармақтарының 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір өңірдегі жағдай тұрақты. Жанжал тұрмыстық сипатта болды", - деп түсініктеме берді.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"