КҮДЕБАЕВҚА ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ

Уақыты: 03.07.2023
Оқылды: 901
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысының сотында Серік Күдебаевқа қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы tengrinews сайтына сілтеме жасап. 


Жетісу облыстық сотында Алматы облысы ПД бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым қаралды. Күдебаевқа қатысты 2023 жылғы 28 сәуірдегі үкім өзгеріссіз қалдырылды.

Айта кетейік, былтыр сәуірде бірнеше аймақтағы Полиция департаменттері мен ҰҚК басшылары қаңтардағы тәртіпсіздік бойынша күдікті деп танылды. Екі аптадан кейін ІІМ басшысы Серік Күдебаевты қызметінен босатты. 

Сондай-ақ, биыл 5 қаңтарда Мәжілісте Алматы облысы ПД бастығы Серік Күдебаев түсіп қалған видео көрсетілді. Кадрда ол қарулы күзетпен өзі күзетуі қажет болған департамент ғимаратынан кетіп бара жатады.

28 сәуірде Күдебаевқа сот үкімі шықты. Жетісу облыстық соты мәліметінше, Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.