"10 350 000 теңге": Заңсыз сыйақы алғандарға қатысты қолданылатын жаза қатаңдатылмақ

Уақыты: 03.07.2023
Оқылды: 744
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекстегі тағы бір заңға өзгеріс енгізбек. Жаңа ереже бойынша заңсыз сыйақы алғандарға қатысты қолданылатын жаза қатаңдатылмақ, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланды. 

«Ірi мөлшерде сыйақы алумен байланысты не қорқытып алумен ұштасқан іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 3 000 АЕК-ке (10 350 000 теңгеге) дейiн айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», - делінген.

Түсіндіре кетерлігі, осы уақытқа дейінгі қолданыстағы заң аясында тәртіп бұзғандарға ең қатал жаза ретінде 2 жылға соттау, осы мерзім аралығында бас бостандығын шектеу немесе 6 млн 900 мың теңге айыппұл салу, кінәлі деп танылған адам сот шешімімен 600 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту мәселелері қарастырылған. 

Талқылауға ұсынылған жаңа жоба бойынша заңсыз сыйақы алғандарды 3 жылға бас бостандығынан айыру, 10 млн. теңгеден аса айыппұл салу және 3 жылға жылға бостандығын шектеу жазасы қолданылмақ.

Құжат 17 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.