"Тек қана біздің тұтынушыларға". Меншік иесі ғимарат алдына көлік қойдырмауы заңды ма?

Уақыты: 29.09.2023
Оқылды: 766
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қазіргі кезде кәсіпкердің жеке меншігінің, яғни кез келген кафе, мейрамхана алдындағы тұраққа көлікті қою мүмкін емес. Себебі онда "Тек қана біздің тұтынушыларға" немесе "Бөгде адамдарға қоюға болмайды, айыппұл салынады" деген белгі тұрады. Меншік иесінің бұл ісі заңды ма?

Бұл туралы Massaget.kz  дайындаған материалыд ұсынамыз. 

Заңгер Мұхамедияр Дүйсенғали мұндай белгі орнатып, көліктерді тұраққа қоюға тыйым салу заңсыз екенін айтып, қандай жаза қарастырылғанын атады.

"Олардың әрекеттері заңсыз. Өйткені ҚР Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы 136-бабына сәйкес "Жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу" бойынша мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ, уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау заңы қарастырылған. Заң бойынша сіз арыз жазып, айыппұл сала аласыз", - дейді заңгер TikTok-парақшасында.

Заңбұзушылық тіркелсе жеке тұлғаларға 75, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 100, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 150, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 700 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынады.