Жетісу облысында зейнеткер өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

Уақыты: 30.09.2023
Оқылды: 867
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысында зейнеткер өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Аталған факт Кербұлақ ауданында тіркелді. 28 қыркүйекте алыстағы шаруа қожалығының аумағында зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар жас жігіттің мәйіті табылды. Полицейлер оны өлтірді деген күдікпен 63 жастағы ер адамды ұстады.

"Ұсталған азамат жәбірленушінің туған әкесі. Алдын ала мәлімет бойынша, дастархан үстінде алкогольдік ішімдік ішудің аяғы жанжалға ұласып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Кербұлақ аудандық полиция қызметі.