Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің қашаннан бастап жұмыс істейтіні белгілі болды

Уақыты: 20.10.2023
Оқылды: 713
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қытаймен визасыз режим ағымдағы жылдың 10 қарашасынан бастап жұмыс істей бастайды. Дәл осы күні визалық талаптардан өзара босату туралы келісім күшіне енеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстандықтар Қытайға шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен аспайтын мерзімге, алты ай ішінде барлығы 90 күнге кіре алады.

"Құжатта екі елдің азаматтары жеке істер, туризм, емдеу, халықаралық тасымалдау, транзит, сондай-ақ іскерлік мақсаттар үшін екінші мемлекеттің аумағына кіру, шығу, транзитпен өту үшін визалық талаптардан босатылады. Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге, 180 күнтізбелік күн ішінде жалпы саны 90 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге тарапқа беріледі", - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытаймен визасыз режимнің қауіпті емес екенін түсіндірген еді. 

Фото: ашық дереккөзден