Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі қағып кеткен ер адам қайтыс болды

Уақыты: 30.10.2023
Оқылды: 827
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

30-қазанға қараған түні Талдықорғанның орталығында Audi 80 және Hyundai Solati автокөліктері соқтығысып, салдарынан бір ер адам көз жұмды,- деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

54 жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Балпық би көшесімен келе жатып, жол жиегінде тұрған Audi көлігімен соқтығысады.

Соққы кезінде 37 жастағы жеңіл көлік жүргізушісі жолаушысымен бірге көліктің артқы дөңгелегін ауыстырып жатқаны анықталды. 

Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Сондай-ақ 36 жастағы ер адам түрлі дене жарақаттарымен аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды. 

Қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлімінде көзделген тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеуді облыстық полиция департаменті бақылауға алды.

Коллаж: newsroom.kz