ҮШ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚОЛМА-ҚОЛ ПАРА АЛЫП ЖАТҚАН ЖЕРІНЕН ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 03.02.2021
Оқылды: 1228
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен тобы арнайы операция барысында Алматы облысы білім басқармасының басшысын және бірнеше лауазымды тұлғаны ұстады деген ақпарат тарады. Бұл туралы "Жетісу" газеті "Egemen Qazaqstan" сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Алдын ала белгілі болғандай, іс бойынша Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова, осы басқарманың мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Бақыт Қабдолданова және аймақтық білім саласындағы жаңа технологиялар ғылыми-практикалық орталығының директоры Арапби Меңлібаев қамауға алынған.

Күдіктілерге аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр. Мәлім болған дерек бойынша, сыбайласқан топ Алматы облыстық бюджет қаржысына компьютерлік техника сатып алу кезінде жеке кәсіпкерден 37 650 000 теңге сыйақы талап етіп, оның бір бөлігін қолма-қол ақша түрінде алып жатқан кезінде ұсталған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"