АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 110 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Уақыты: 28.03.2021
Оқылды: 847
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында өткен тәулікте 110 адам коронавирус індетіне шалдықты. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Ресми сайттың мәліметінше, өткен тәулікте еліміз бойынша 1596 адам қауіпті індетті жұқтырған. Оның 110-ы Алматы облысының тұрғындары. Сонымен бірге, Алматы облысында 136 адам коронавирустан емделіп шыққан. Ал өкпе қабынуынан республикада 3 өлім жағдайы тіркелді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында індет өршіп тұр. Аталған өңірлер "қызыл аймаққа" жатады. Алматы облысы бірнеше күннен бері "сары аймақта" орналасқан. Өкінішке қарай, елімізде 394 науқастың жағдайы ауыр. Қайтыс болғандар саны былтырдан бері 3 мыңнан асып кетті.

Қазақстанда эпидахуалдың қайта ушығуына байланысты дәрігерлер сақтық шараларын қатаң ұстанып, отбасылық басқосу мен жасырын жасалатын той-томалақтарға бармауға, көпшілік ортада, қоғамдық орындарда үнемі бетперде тағып жүруге, арақашықтық сақтауға шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан