АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАН 44 АДАМНЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР

Уақыты: 15.10.2021
Оқылды: 1038
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында індеттің ілмегіне іліккендер саны 53 466 адамға жетті. Олардың бәрінің коронавируспен ауырғаны зертханалық тексеру арқылы расталған.

Соңғы тәулікте ауырғандар саны – 189, өсім деңгейі – 0,4 пайыз. Соның ішінде, Талдықорғанда – 45, Талғар ауданында – 24, Еңбекшіқазақ ауданында – 17, Панфилов ауданында – 13, Іле ауданында – 12, Алакөл ауданында – 11, Қаратал ауданында – 10,  Кербұлақ ауданында,  Текелі қаласында – 9-дан,   Қарасай ауданында – 8, Ұйғыр, Көксу аудандарында – 6-дан, Жамбыл ауданында, Қапшағай қаласында – 5-тен, Ескелді ауданында – 4, Балқаш ауданында – 3, Райымбек, Сарқан аудандарында – 1-ден індет жағдайы тіркелді.

Ал пневмония бойынша жалпы 7818 жағдай анықталды. Соңғы тәулікте бұл санат бойынша ауырғандар болған жоқ.

Соңғы мәлімет бойынша ПЦР тәсілімен 1 046 027 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 9703.

Бүгінде барлығы 1123 адам стационарлық ем қабылдауда. Ауруханаларға бір тәулікте 121 адам түсті, 141 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 47,5 пайыз. Жансақтау бөлімінде 44 пациент жатыр, соның 4-еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

COVID-19-ға қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 780 667 адам алды, соның 2193-і өткен тәулікте егілді. 2-ші компонентін 700 202 адам алды, оның 2670-і екпені өткен тәулікте салдырды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"