Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Уақыты: 24.10.2019
Оқылды: 237
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Барлық ірі облыстық және қалалық ауруханалар мен емханаларда, аудандық медициналық мекемелерде, оның ішінде, дәрігерлік амбулаторияларда күндізгі стационар жағдайында медициналық көмек көрсетіледі. Күндізгі стационарлардың бірқатар артықшылығы бар, соның ішінде халық үшін қолжетімділігі, салыстырмалы түрде арзан бағасы, қызметтен үзіліссіз толық емделіп шығу мүмкіндігі.

Аудандар арасында стационар алмастыратын көмектің дамуы артта қалып келеді. Кеген ауданының Қарғалы АА (ауылдық амбулатория), Шелек ауылының, Текелі қаласының ҚА (қалалық амбулатория), Боралдай АА және Қапшағай қаласының ОАА күндізгі стационар деңгейіндегі емделген науқастардың үлесі ондағы емделгендердің жалпы санынан бар болғаны 1,1 пайызды құрайды. Бұл кем дегенде 8 пайыз болуы керек.

Күндізгі стационардың жұмысы алға басып келе жатқан медициналық ұйымдар: Іле, Қарасай, Талғар, Панфилов және Алакөл аудандарын атап өткен жөн. Амбулаториялық емханалар жанындағы күндізгі стационарларда емделушілердің ең көп үлесі Іле орталық аудандық ауруханасында 12,5, Қарасай аудандық ауруханасында 8,6 және Ақсу аудандық орталық аудандық ауруханасында 6,9 пайыз екенін ерекше айтуға тиіспіз. Ауруханалардағы күндізгі стационарларды алмастыратын көмектің өсуі Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында 21,6, Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында 12,7, Іле орталық аудандық ауруханасында 8 пайыз байқалды.

«ӘМСҚ» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының медициналық қызметтердің сапасын мониторинг жүргізу бөлімінің эксперт мамандары облыстық 7 медициналық ұйымға жоспарлы мониторингпен шыққан кезде стационарды алмастыратын көмек сапасына да сараптама жүргізді.

Алматы облысы бойынша медициналық ұйымдарға бару арқылы ағымды мониторинг жүргізу нәтижелеріне таңдау есебі, тоқсандық қорытынды бойынша медициналық ұйымдарға (әрі қарай МҰ) барудың бекітілген жоспары мынадай:

2019 жылы барлығы 84 медициналық ұйыммен 107 келісім жасалды. 2019 жылдың 3 тоқсанына он медициналық ұйымға бару жоспарланған. Медициналық ұйымдардың жоспарланған мониторингпен қамтуы 100 пайызды құрайды. Жалпы алғанда, Алматы облысы бойынша 2019 жылдың 3 тоқсанында медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында 81 жеткізуші бар. Олардың 56,7 пайызы мемлекеттік (46 МҰ), 43,3 пайызы жеке МҰ (35 МҰ) тиесілі. Барлық жеткізушілердің ішінен қалалық деңгейдегі МҰ үлес салмағы 60,5 пайызды құрайды. Қалған 39,5 пайыз ауылдық деңгейдегі МҰ тиесілі. 45 мемлекеттік МҰ-ның 42-сі шаруашылық жүргізу құқығында. Барлығы 51 медициналық ұйым тәулік бойы стационарлық көмек көрсетеді. Оның 27-і алғашқы медициналық көмекпен бірлескен 47 МҰ да күндізгі стационарлық көмек бар. Ауруханадағы төсек саны – 429, емханада – 1251,  облыстағы күндізгі стационарлардың саны 1770 құрайды.

Стационарлық көмек сапасына мақсатты мониторинг жүргізу:

Бүгінгі таңда облыс бойынша күндізгі стационарларда көрсетілетін медициналық көмек көлемі көбеюде. Стационарларды алмастыратын технологиялардың танымдылығы халықтың медициналық қызметтердің осы түріне деген сұранысының артуымен және медициналық ұйымдардың тиімділігін арттыру үшін материалдық-техникалық ресурстарды және қаржылық ресурстарды пайдалануды оңтайландыру қажеттілігімен байланысты.

М.ОРАЗАЛЫ,

Ю.ЭККЕЛЬ,

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облыстық филиалы

медициналық қызметтер сапасына мониторинг жүргізу бөлімінің бас мамандары

Сурет ғаламтордан алынды