"АЯҒЫ АУЫР": КОРОНАВИРУС САРЫӨЗЕК КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫНАН АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 16.04.2020
Оқылды: 1206
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны тағы да өсті. Бұл жолы Еңбекшіқазақ ауданының 3, Кербұлақ ауданының 1 тұрғынынан қауіпті дерт анықталды.

Кербұлақ ауданында жұқтырған әйел 1986 жылы туған, жүктіліктің 23-24 аптасында. Бұл жайында Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазір барлық науқас Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Олармен байланыста болған адамдар анықталуда.

Жалпы, 16 сәуір күнгі жағдай бойынша Алматы облысында індетпен ауырғандар саны 29 адамға жетті. Оның 7-еуі жазылып шықты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды