КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚҚАН МИНИСТРДІҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ОРТАША

Уақыты: 16.06.2020
Оқылды: 891
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

Ол Нұр-Сұлтандағы стационарда жатыр. "Денсаулық сақтау министрінің жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Оған қойылған диагноз - пневмония. Қазіргі уақытта хаттамаға сай ем алып жатыр. Стационарда ем алып жатқанына қарамастан, министр коронавирус инфекциясы штабының жұмысын онлайн түрде реттеуде. Елжан Амантайұлының тезірек қатарымызға қосылғанын күтеміз", - деп хабарлады Диас Ахметшәріп.

Қазірше министрдің қызметін уақытша Олжас Әбішев, Людмила Бюрабекова және Ләззат Ақтаева қатар атқарып жатыр. Еске салайық, өткен жексенбіде, 14 маусымда министрдің қауіпті індет жұқтырғаны анықталған еді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан