ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНБАЙДЫ: БАС САНИТАРДЫҢ ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ

Уақыты: 08.12.2020
Оқылды: 1327
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 104-бабының 2-бөліміне, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №57 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы», 2020 жылғы 23 қазандағы №58 «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы, оның ішінде Алматы облысының аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциямен сырқаттану жөніндегі, эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарды қарап, соңғы 7 күнде Алматы облысының 100 мың тұрғынына шаққанда жағдай саны – 10,4, R саны-1,09 құрағанын ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Алматы облысында карантинді жалғастыру және кейбір шектеу шараларын енгізу. Карантин режимі мен мерзімдері «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
  2. Алакөл ауданының әкімі, Алматы облысының полиция департаменті, денсаулық сақтау басқармасы және басқа да жұмылдырылған қызметтер қамтамасыз етсін:
    1. Шығыс Қазақстан облысымен шекаралас облыс аумағына полиция, медицина қызметкерлері қатарынан Алматы облысына кіретін және шығатын азаматтарға байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізу арқылы санитарлық бекет (584 км.) орнатылсын;
    2. бекеттерге жұмылдырылған қызметкерлер жеке гигиенаны сақтау үшін қажетті жағдайлармен, жеке қорғану құралдарымен (бір рет қолданылатын бетперделер, қолғаптар, қорғаныш көзілдіріктер және/немесе экрандар), тамақтану және жылыту пунктімен қамтамасыз етілсін.
  3. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, облыстық полиция Департаменті, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы келесі қызметтердің тоқтатылуын қамтамасыз етсін:
    1. залдарда толтырылуы 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар, банкет залдары, фудкорттар, асханалар, донер, барлар);
    2. барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар, 15 адамнан жоғары емес кезекші топтарды қоспағанда;
    3. ойын-сауық нысандары оның ішінде түнгі клубтар, кальян барлары, көрмелер, букмекерлік, бильярд, караоке, PS-клубтар, квесттар, антикафе, боулинг-орталықтар, лото-клубтар, компьютерлік клубтар, сауда нысандарындағы  балалардың ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар, аттракциондар;
    4.  оқу-жаттығу сабақтарын қоспағанда, орналасқан жеріне қарамастан бассейндер.
    5. ойын мекемелері, казино, сондай-ақ ұтысты алуды көздейтін құмар ойындар өткізілетін ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар.
  4. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері, Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және бетперде режимін сақтай отырып, қызметке рұқсат беруді, сондай-ақ отыратын орындар санынан артық емес толтырылуын қамтамасыз етсін:
    1. адамдарды қоғамдық көлікпен тасымалдау қызметін жұмыс уақытын 23.00-ге дейін ұзартумен;
    2. облыс аудандары мен қалалары арасында, сондай-ақ облыс шегінен тыс жерлерде жолаушыларды қоғамдық көліктін қозғалысына рұқсат беруді;
    3. әр рейс алдында қоғамдық көлікті, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жуу және дезинфекциялау құралдарын, қолдана отырып өңдеу жүргізуді.
  5. Аудандар мен қалалар, ауылдық округтер әкімдері, полиция департаменті және Алматы облысының басқа да тартылған органдар (ұйымдар) қамтамасыз етсін:
    1.  Қазақстан Республикасы мен Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларын сақтау бойынша рейдтік тексерулер жүргізу жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді;
    2. бір отбасы мүшелерінен басқа, 3 адамнан астам топтың орын ауыстыруына тыйым салуды;
    3. 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуын шектеуді;
    4. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №58  «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулысының 3-қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз өткізуге рұқсат беруді (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);
    5. қоғамдық көлікке, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізу;
    6. ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, тренингтерді, жаппай жаңа жылдық іс-шаралар (оның ішінде ертеңгіліктер, мерекелер ұйымдастыру), сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды.
  6. Алматы облысының «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мен «Қазпочта» АҚ бойынша филиалы қамтамасыз етсін:
    1. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (оның ішінде арнайы ХҚКО, CaII орталықтар, Ореп Талдықорған сервис) кезегін алдын ала брондау бойынша жұмысы (сайтта Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot2.0 коллцентр 1414) жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді (бетперде, қашықтықты сақтай отырып), онлайн форматта максималды қызмет көрсету;
    2. «Қазпочта» АҚ Алматы облыстық филиалы бөлімшелердің онлайн

көрсетілмейтін қызметтер үшін жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат  9.00-ден 18.00-ге дейін белгілей отырып, үй-жайларындағы әлеуметтік қашықтық белгілері 2 метрден кем емес және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызметкерлердің халыққа бір реттік қолғаптар мен медициналық бетпердеде қызмет көрсетуін, пошта хат-хабарларымен (хаттар, сәлемдемелер және т.б.) байланысты жұмыстарды жеке қорғану құралдарымен (халат, медициналық бетперде, қолғаптар) жүргізуін қамтамасыз етсін.

  1. Аудандар мен қалалардың, ауылдық округтердің әкімдеріне туризм

субъектілеріне (объектілеріне), оның ішінде демалыс үйлеріне (базаларға, аймақтарға), туристік базаларға, санаториялық-курорттық ұйымдарға, ұлттық табиғи парктерге, ыстық бұлақтардағы демалыс аймақтарына күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және бетперде режимін сақтай отырып, сондай-ақ  80%-дан аспайтын толымдылықпен қызмет етуге рұқсат беру:

    1. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және басқалар (жеке және ұйымдасқан топтар үшін 15 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бетпердемен жүру ұсыналады);
    2. объектілер аумағына кіру кезінде дезинфекциялық тосқауылдар мен тоннельдер орнатуды;
    3. демалушылардың барлық болу және демалу уақытында объектілердің аумағынан тыс жерлерге шығуына тыйым салуды;
    4. әр рейстен кейін автокөлікті дезинфекциялауды ұйымдастыру және жүргізушілердің гигиенасына жағдай жасауды;
    5. COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар тұлғаларды ерте анықтау мақсатында, қызметкерлер мен демалушыларды күнделікті бақылауды;
    6. 100 орыннан астам объектіде медицина қызметкерінің штатын (немесе келісім-шарт бойынша), изоляторы бар медициналық пункттерді қарастыру;
  1. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы және Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық  және маскалық режимді, сондай-ақ әлеуметтік ара-қашықтықты сақтай отырып, қызметке рұқсат беруді қамтамасыз етсін:
    1. ағымдағы жылдың 10 желтоқсанынан бастап жұма намазын қоспағанда, діни нысандарда, мешіттерде (бес намазда) ұжымдық құдайға сиынуға рұқсат беру, толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ залда 50 адамнан аспайтындай санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып және ҚР БМСДр № 57 қаулысының талаптарын сақтауды;
    2. қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) залында 50-ден артық емес отыратын орын орнату, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бір үстелде 4 адамнан артық емес отыратын орын бар үй-жайда, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №57 "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" қаулысының (бұдан әрі – ҚР БМСД №57 қаулысы) талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07:00-ден 00:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс кестесін белгіленеді. Осы қаулыда белгіленген жұмыс уақыты өткеннен кейін келушілердің түскі ас залында болуына тыйым салу. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады (корпоративтер, банкеттер, тойлар, еске алу, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, беташар және т. б.), қоғамдық тамақтану объектілерінде кальян қолдануға және фудкорт залдарының жұмысына тыйым салуды;
    3. ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтай отырып, өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындар, құрылыс компаниялары (құрылыс салушылар), ашық ауадағы құрылыс жұмыстары;
    4. ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтай отырып, халыққа байланыссыз қызметтер көрсету жөніндегі объектілердің (техникалық қызмет көрсету, автожуу, автомобильдерді, шиномонтаждық, автосалондарды жөндеу, тұрмыстық техника, химиялық тазалау және басқалар) қызметі;
    5. жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, бизнес-орталықтардың (кредиттік серіктестіктердің, микроқаржы ұйымдарының, сақтандыру компанияларының, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т. б.), екінші деңгейдегі банктердің, айырбастау пункттерінің, ломбардтардың жұмысын ұйымдастыру;
    6. ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын, аймақтарға бөлу талаптарын   және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, меншік нысанына қарамастан медициналық орталықтардың қызметі (жазу бойынша);
    7. ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтай отырып, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің қызметі (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер);
    8. сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдар;
    9. құрылыс дүкендері, көлік құралдары мен саяжай мүкәммалының қосалқы бөлшектерін сататын дүкендер, оптика (дүкендер), фотосалондар, гүл дүкендері, зоомагазиндер;
    10. толымдылығы 30%-дан аспайтын 1 келушіге 4 м2 есебімен үй-жай алаңы, кіре берісте термометрия, жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;
    11. халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілер (қонақ үйлер, отелдер);
    12. ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтай отырып, мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы кезекші топтар (топта 15 адамнан артық емес);
    13. ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтай отырып, сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда нысандарының толтырылуы 30%-дан аспаған жағдайда бір келушіге кемінде 4 ш.м. жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;
    14. ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын топты толтырған кезде балалар кабинеттері/түзету орталықтары, балалар және ересектер білім беру орталықтары;
    15. келушілерді тек медициналық бетперде киюге рұқсат беруді қамтамасыз ете отырып косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін сұлулық салондары, шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша, 1 келушіге 4 ш. м. есебінен, ауысым бойынша жұмыс);
    16. алдын ала жазылу бойынша моншалар, сауналар, СПА орталықтары толымдылығы 50% - дан аспайтын, сондай-ақ 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес жағдайда, жұмыс кестесі сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін;
    17. 5 адамнан аспайтын жеке топтық жаттығулар;
    18. ұлттық құрамаларға, клубтық командаларға арналған спорттық жаттығулар (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру);
    19. тиісті аумақтардың Бас санитариялық дәрігерлерінің келісімі бойынша күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған және бір мезгілде 100 адамнан аспайтын ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда көрермендердің қатысуынсыз (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және республикалық жарыстарды өткізу;
    20. бір мезгілде 30 адамнан аспайтын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беру;
    21. мәдениет объектілерін, оның ішінде музейлерді, мәдениет үйлерін және т. б. (1 келушіге 5 ш. м. дейін, толымдылығы 50% - дан аспайтын, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде үй-жайларды желдетуді жүргізу, маскаларды пайдалану);
    22. ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың( оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың);
    23. аумақты белгілей отырып, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, келушілер ағынын реттей отырып және аттракциондарда әрбір пайдаланғаннан кейін дезинфекциялау құралдарымен ашық тұтқаларды, отыратын орындарды және басқа да беттерді (адамдар келген кезде жанасатын) өңдей отырып, санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ашық ауадағы аттракциондар;
    24. «Балдәурен Республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК;
    25. контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептердің; мектепалды, 1-4 сыныптардың білім алушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша сыныптардың жиынтығы 15 баладан аспаған жағдайда білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптар;
    26. маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат беруді;
    27. театрлардың қызметіне рұқсат беруді (толтырылуы 50%-дан артық емес, бірақ 100 адамнан артық емес, infokazakhstan.kz порталында тіркеле отырып, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтай отырып) қамтамасыз етсін;
    28. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №57 қаулысының талаптарын сақтай отырып, фитнес орталықтарының, тренажер залдарының (орталықтарының) спорт объектілерінің жалпы сыйымдылығының (объектінің жобалық қуаты бойынша келушілердің жалпы санының) 30% - нан аспайтын, 1 келушіге кемінде 5 м2 алаң ұйымдастырылған жағдайда келушілерді алдын ала жазу бойынша жұмыстар жүргізіледі;
    29. Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанынан бастап кинотеатрлар қызметінің рұқсаты (толтырылуы 30%-дан аспайтындай, infokazakhstan.kz порталында тіркелумен, бетперде режимін, шахматты отырғызуды, әлеуметтік қашықтықты сақтау және ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын сақтау);
    30. қысқы туризм және ашық ауадағы демалыс объектілерінің (катоктардың, шана-баллонды еңістердің және т.б.) қызметіне рұқсат беруді.
  2. Карантиндік шаралар кезінде жұмыс істейтін мемлекеттік органдар (ұйымдар, кәсіпорындар), сондай-ақ меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері мынадай санитариялық және дезинфекциялық режимдерді сақтауы қажет:
    1. қызметкерлердің кемінде 60%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалдырылады (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда);
    2. маскаларды, қолғаптарды кию және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау. Халыққа қызмет көрсететін объектілерді уақтылы ауыстыру үшін бір рет қолданылатын маскалармен және қолғаптармен және температураны өлшеуге арналған бұйымдармен қамтамасыз ету;
    3. барлық объектілерде күшейтілген дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету (қолды өңдеуге арналған санитайзерлер, дезковриктер орнату, бетін күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып үй-жайларды ылғалды жинау, желдету);
    4. үй-жайларда келушілердің әлеуметтік қашықтығын 2 метрден кем емес таңбамен белгілеу;
    5. БМСД № 57 қаулысының талаптарына сәйкес қызметкерлер мен келушілердің санитарлық-карантиндік және шектеу шаралары талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін.
  3. Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарына:
    1. 5 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, үй-жайларда, қоғамдық орындарда және қоғамдық көлікте маска режимін және кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау;
    2. адамдарды шақыруға және топтастыруға байланысты кез келген іс-шараларды (туған күндері, мерейтойлар, тойлар, еске алу және т. б.) өткізуге тыйым салу);
    3. бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан аспайтын топтармен саябақтарға, скверге және жағалауларға баруға рұқсат етіледі;
    4. ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға рұқсат етіледі (5 адамнан артық емес);
    5. респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (мұрынның ағуы, түшкіру, температура) жедел медициналық көмекті 103 нөмірі бойынша шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ, үйде дереу медициналық көмекке жүгіну.

11. Алматы облысының полиция департаменті қамтамасыз етсін:

11.1  карантиндік және шектеу шараларын бұзушылықтар анықталған кезде өз құзыреті және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдауды, сондай-ақ осы фактілерді алдын алу мақсатында БАҚ-та кеңінен жария етуді қамтамасыз ету;

11.2 қоғамдық орындарды патрульдеу бойынша шараларды күшейту, бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, еске алу және т.б.) өткізуді болдырмау үшін қоғамдық тамақтану объектілеріне ерекше назар аудару, жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзу немесе орындамау анықталған жағдайда дереу тиісті әкімшілік шараларды қабылдауды.

12. Әуежайлардың, теміржол және автовокзалдардың басшылары қамтамасыз етсін:

12.1 үй-жайларда, сондай-ақ қоғамдық орындарда медициналық маскаларды міндетті түрде кию;

12.2 кемінде 2 метр қашықтықты сақтау;

12.3 ғимаратқа кіре берісте, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін санитайзерлерді пайдалану;

12.4 келетін және кететін жолаушылар үшін жеке дәліздерді пайдалану;

12.5 ғимараттарға шығарып салушыларды және қарсы алушыларды жібермеу, шығарып салушыларды және қарсы алушыларды кемінде 2 метр қашықтықты сақтау;

12.6 әрбір рейстен кейін көлік құралдарының, оның ішінде әуе кемелері мен ТЖ құрамдарының салонын дезинфекциялау;

12.7 жолаушыларды түсіруге және отырғызуға тартылған әуежайдың және теміржол вокзалдарының барлық үй-жайларын, терминалдарын ылғалды жинау және дезинфекциялау.

13. Облыстың ішкі саясат басқармасы және бұқаралық ақпарат құралдары:

13.1 қызметі тоқтатылған және рұқсат етілген объектілерді ақпараттық арналар, бейінді қауымдастықтардың қатысуымен бейнеконференциялар өткізу, қажетті ақпаратты ресми веб-ресурстарда орналастыру арқылы хабардар ету;

13.2 үй жағдайында халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, жеке профилактика шараларын және ауру болған жағдайда мінез-құлық тактикасын күшейтуді жалғастыру;

13.3 ресми көздерден халық үшін шынайы ақпаратты орналастыру  (coronavirus2020.kz. anti-corona.kz, Үкіметтің, Денсаулық сақтау министрлігінің және әкімдіктердің ресми сайттары).

14. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (объектілердің) басшылары, барлық жеке және заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, барлық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан осы қаулының талаптарын қатаң орындасын.

15. Алматы облысының аудандары мен қалаларының ведомствоаралық комиссиялары, облыстың аудандары мен қалаларының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері ведомстволық бағынысты аумақтардағы эпидемиологиялық жағдайға және COVID-19 ауруының өсуіне байланысты карантиндік шараларды қатаңдату бойынша өзге де іс-шараларды қабылдауға құқылы.

16. Осы қаулыны барлық мүдделі органдардың, ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

17. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

18. Осы қаулы күшіне енген сәттен бастап «Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын енгізу туралы» Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №32 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

19. Осы қаулы 10 желтоқсанда 2020 жылы 07 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.

Ерғали СЫДЫМАНОВ,

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

Сурет - ғаламтордан