«Астана» - «Динамо» қарымта матчы қашан өтетіні белгілі болды

Уақыты: 31.07.2023
Оқылды: 411

Тамыз айының 2 жұлдызы күні Астанада Чемпиондар лигасының екінші іріктеу раундының қарымта матчы өтеді. «Астана» өз алаңында Загребтің «Динамосын» қабылдайды, деп хабарлайды 7-su.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жанкүйерлер «Астана» - «Динамо» Загреб матчының тікелей трансляциясын Астана уақытымен 20:00 көре алады.

Осыған дейін белгілі болғандай, аталған командалардың бірінші ойыны Загребте өтіп, «Динамо» 4:0 есебімен Астананы ұтқан.

Фото: sports.kz