Әр шаңыраққа бақыт тілейміз

Уақыты: 15.12.2017
Оқылды: 1271

Құрметті жетісулықтар!
Біздің еліміз өз тәуелсіздігінің жиырма алты жылы ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен аз ғана уақыт аралығында  әлемдік экономика мен саясатта өзінің айтулы орны бар қуатты, беделді де белді  мемлекеттердің біріне айналды.  Тәуелсіз Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалдағы өсу мен өркендеуге, табысты экономикалық даму қарқынына қол жеткізді. Қазіргі уақытта Қазақстан жаһандық түрлі байланыстарға қосылған өзінің  ұлттық экономикасы бар және ұлттардың әлемдік отбасының толыққанды қатысушысына айналған мемлекет ретінде  танылып отыр.
Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерді иемденіп, болашақта ұлттың табысты болуының негізгі қағидаттарын алға тартты. Қазақстандықтардың  бәсекелік қабілеттерін арттыру мақсатында Елбасы компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты алға тартып отырған факторлары біздің қоғамның берік ұcтанымына айналды. Осы орайда   барлық қазақстандықтармен бірге Алматы облысының халқы да Елбасының  қойып отырған міндеттерін жүзеге асыруда белсенділік танытып, жаһандық дағдарыс жағдайында өңірді одан әрі өркендетудің бағдарламаларын орындауға ұйымшылдықпен жұмылып келеді. Қол жеткізген жетістіктері де атап айтарлықтай.
Барлық жетісулықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз. Табысқа жету үшін елдің бірлігі мен ынтымағын сақтап, ортақ мүдде жолындағы күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, ел тәуелсіздігін одан әрі нығайта берейік. Әр шаңырақтың ырысты да ынтымақшыл, бақытты да дәулетті болуын тілейміз.

Қазақстан Республикасы Парламенті 
Сенатының депутаттары
Аңсар Мұсаханов, 
Нұрлан Қылышбаев.