Тұрақты жұмыспен қамтылды

Уақыты: 12.12.2023
Оқылды: 685
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Елдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту қазіргі таңдағы басты мәселе.  Кейбір мекеме-ұжымдар өздеріне лайық маман таппай кадр тапшылығын сезінеді. Ал кейбіреулер екі қолға бір күрек іздеп  сергелдеңге түседі.

Сол себепті, жұмыс беруші мен жұмыссыздың жүздесуіне қажетті алаң,  әрине, бос «Жұмыс орындары» жәрмеңкесі саналады.

Сарқан ауданының мансап орталығы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін жиі ұйымдастырып, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Қыстың алғашқы айының бастапқы күні 1желтоқсанда осындай жәрмеңке өтті. Іс-шараға 18 жұмыс беруші қатысып, әртүрлі қызмет салалары бойынша 33-тен астам бос жұмыс орындары ұсынылды. 

– Аталған іс-шараның мақсаты – жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу. Ұсынылған бос жұмыс орындарына 40-тан астам жұмыссыз азамат қатысып, оның 10-ы тұрақты жұмыспен қамтылды. Мұндай іс-шара  алдағы уақытта  өз жалғасын табады. Аудандық мансап орталығы жұмыс іздеп жүрген азаматтарға  әрқашан ашық, – дейді орталық басшысы Ернар Нұрқасым.

Осы күні жәрмеңкеге келушілер үшін түрлі бағыттар бойынша кеңес беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы