ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ

Уақыты: 21.12.2023
Оқылды: 747
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және Қазақстан халқының дәстүрлерін дәріптеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру тақырыбы аясында брифинг өтті.

«Мүшелтой» Аула клубы»  қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дания Қыдырбаева мен облыстық білім басқармасының бас маманы Руслан Арысланов қатысқан жиын мақсаты отбасы құндылығын патриотизм сезімін ояту арқылы Қазақстан халқының дәстүрлерін дәріптеп, ұлттық байлықты арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға қабілетті халықты  рухани сауықтыруды көздейді.

Аталмыш жоба аясында осы күнге дейін бірқатар  іс-шаралар өткізілген. Соның бірі патриоттық тәрбие бере отырып, облыста 8-11 сынып оқушылары мен ЖОО студенттері арасында дайындалған фильмдердің дәрістері мен кездесулері ұйымдастырылыпты. Сонымен қатар, «Дана ене, дара келін», «Әке-асқар тауым» атты 10 аудандық және қалалық конкурстар өтіп, байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықтар мен арнайы сертификаттармен марапатталды. Қ. Байсейітов атындағы музыка колледжінің оқушыларымен бірлесіп, жастар арасында музыкалық терапия арқылы 12 музыкалық сессия өткізілген. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету үшін «Әжелер ертегісі» онлайн-клубы жұмыс істейді. Жалпы жобаны ақпараттық қолдау мақсатында әлеуметтік желіде жарияланымдар мен бейнеролик дайындалып, баннермен әзірленді.

А. Әбілтайқызы