АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫЛАРҒА МАРАПАТ ТАПСЫРЫЛДЫ

Уақыты: 09.12.2020
Оқылды: 1157
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Алматы облыстық «Мерейлі отбасы» байқауы мәресіне жетті. Үкіленген үзіктер марапатталды. Салтанатты рәсімге 20-дан астам отбасы мүшелері қатысып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Салтанатты шара барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев сөз алды. Байқау туралы кеңінен атап өтті. Өз кезегінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Адамбекова сөз алып, жеңімпаздарға жүрекжарды лебізін жеткізді.

Айта кетелік, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті және облыстық білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырған байқауға өңірімізден 234 өтініш түскен. Солардың арасынан 20 отбасы «Зейінді отбасы», «Парасатты отбасы», «Өнерлі отбасы» аталымдары бойынша марапатталды.

Өз кезегінде Әділхан ата әулеті үшінші орын иегері деп танылды. Жүлделі екінші орын Медеуовтер отбасына бұйырса, байқаудың жеңімпазы деп Байжановтар әулеті танылды.

Марапатау салтанаты барысында жүлде тұғырынан көрінген барша отбасы бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттарға ие болды.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы