ҚАНЫМА СІҢІРГЕНМІН ҚАЗАҚ САЛТЫН: 9-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ӨЛЕҢ ЖАЗДЫ

Уақыты: 13.03.2021
Оқылды: 1470
Бөлім: АРДЫҢ ІСІ

Сен аман бол әрдайым, елім менің,

Заңғар-заңғар тауларым, белім менің.

Өзің деп махаббатпен ғұмыр сүрем,

Аман бол бекзат елім, жерім менің.

 

Кеудемде асқақ сезім жатқаны шын,

Зеңгірден көгің күліп, бақ дарысын.

Жүректен ізгі сөзім төгіледі,

Жұртым менің жігерім, мақтанышым.

 

Жерімнің берекесі жұртым, халқым,

Асқақтасын әрдайым сенің даңқың.

Отаным, құшағы ашық жұртым менің,

Қымбатсыңдар мен үшін бәрің, жалпың.

 

Жүректе махаббатым – жұртым, халқым,

Қаныма сіңіргенмін қазақ салтын.

Ұлы Дала жерінде Мәңгілік ел,

Аспандасын әрдайым сенің даңқың.

Әли АРТЫҚБЕК,

9-сынып оқушысы

Доланалы ауылы,

Кербұлақ ауданы

Алматы облысы

Сурет - ғаламтордан