АМАНДЫҚ БАТАЛОВ: "ҚҰРБАН АЙТ - АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ПАШ ЕТЕТІН МЕРЕКЕ"

Уақыты: 20.07.2021
Оқылды: 1338

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Құрметті Алматы облысының тұрғындары! Сіздерді мұсылман қауымының қасиетті күні Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт адами құндылықтарды паш ететін, оң пейілге, ізгі ниетке, бауырмалдық пен береке-бірлікке бастайтын мерейлі мереке. Ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан қасиетті мейрамның мәні үлкен ғибратқа, зор моральдық идеяларға толы.

Жыл өткен сайын халық рухани құндылықтардың қадір-қасиетін терең ұғына бастады. Қоғамда толеранттылық, конфессия өкілдері арасындағы өзара түсіністік бекемдене түсуде. Өйткені, бір-біріне қамқор болу, жылылық таныту, көмек ету - мұның бәрі күллі адамзатқа тән гуманистік ойлармен үндесіп жатыр.

Алдағы уақытта да татулық пен тыныштықты бағалай отырып, халықтың салт-дәстүрі мен діни сенімдеріне өзара сыйастықпен қарау арқылы Жетісу өңірі одан әрі гүлдене береді деген сенімдемін. Осы қасиетті күнде шалған құрбандарыңыз, жасаған дұғаларыңыз қабыл болып, арман-тілектеріңіз орындалсын. Атқарған әрбір ізгі амалдарыңыздың сауабы мол болсын! Әрбір шаңырақ қуаныш пен жақсылыққа кенеліп, еліміздің тыныштығы, бақ-ырысы арта берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте табыс, бейбіт те берекелі ғұмыр тілеймін. Құрбан айт қабыл болсын!" - деді А.Баталов.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"