«Fortuna Food» компаниясында 140 адам жұмыспен қамтылған

Уақыты: 27.06.2023
Оқылды: 2102
Бөлім: ОН САУСАҚ

«Fortuna Food» компаниясы 2001 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Кәсіп бастапқыда шағын дәмхана ашудан басталды. Алғашында тамақтану орнында тек 6 үстел, 5 қызметкер еңбек етті.

Кейіннен дәмхана жетекшісі Ильмира Хакимова ісін одан әрі кеңейтуді ойлады. Сөйтіп, дәмді тағам түрлерін әзірлейтін аспаз, сапалы қызмет көрсететін маманды іздеді. Мұның бәрі бизнестің жаңа деңгейге көтерілуіне септігін тигізді. Нәтижесінде 2008 жылы дәмханада кондитерлік дүкен ашылып, жұмысшы саны өсті. Біртіндеп дүкен де кеңейіп, жұмыс орны артты. 

Кондитерлік өнімдер әзірлейтін компания 2015 жылы «Fortuna Food» брендімен қызмет көрсете бастады. Бұл бренд аймақта танымал, сол себепті ол компания жұмысының жандануына үлкен жол ашты. Нәтижесінде тұтынушы көбейіп, жартылай фабрикаттар шығарылды. Қала орталығында 1200 шаршы метрлік ғимарат сатып алынып, сауда желісі іске қосылды. Компания «Қазақстанның үздік тауары» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған. Сондай-ақ, «БанкЦентрКредитте» өңдеуші өнеркәсіпті қолдау бағдарламасы бойынша жылдық 6%-бен мемлекеттік қолдауға ие болып, коммерциялық ғимарат сатып алынған. 

Айта кетейік, компания жетекшісі әрі табысты кәсіпкер Ильмира Хакимова «Бизнестің жол картасы – 2020», «Даму-Өндіріс», «Шағын және орта бизнестің топ менеджментін оқыту», «Іскерлік байланыс» сияқты «Даму» қорының қаржылық және қаржылай емес бағдарламаларының, өткен жылы «ULTTYQ ÓNIM» көрмесінің белсенді қатысушысы. Сондай-ақ, «Даму-көмек» жобасы бойынша демеуші.

Қазіргі уақытта «Fortuna Food» компаниясының желісі кеңейіп, бірнеше бағытта даму үстінде. Сонымен бірге бұл жерде 140 адам жұмыспен қамтылған.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА