Көксу ауданында орналасқан «Mebel.TDK 05» жеке кәсіпкерлігі 2020 жылдан бері жиһаз өндірісімен айналысады. Қысқа уақыт ішінде танымал болған компанияның аймақтың кез келген түкпіріне өнімдерін жеткізуге мүмкіндігі бар.
Компанияның басты мақсаты – тұтынушыларына сапасы жоғары өнім ұсыну. Компания менеджерлері үй жиһаздары туралы ақпаратпен қамтып, тұтынушы талғамына байланысты таңдау жасауға кеңес беруге дайын. Кәсіпорын жетекшісі Саяши Елімбектің айтуынша, қазір бұл компанияның жұмысы жанданып, табысы артып келеді. Өнімдері жергілікті тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие.
Өндіріс орны сапалы жиһаз шығаруға мүмкіндік беретін жаңа жабдықтармен жабдықталған. Мұндай мүмкіндікке ие болу үшін олар мемлекеттік қолдауды пайдаланып, «Даму» қорының субсидиялау мен кепілдік беру құралдарын қолданып, «First Heartland Jusan Bank» акционерлік қоғамына «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында несиеге қол жеткізді. Несие қаражат айналымын толықтыруға бағытталды.
Айгүл Байжұмақызы
Көксу ауданы