"500 бала  өз баспанасында өмір сүретін болады": Иманбек алтын дискін қайырымдылық қорына сыйлады

Уақыты: 30.03.2023
Оқылды: 991

Grammy иегері Иманбек Зейкенов «100 отбасы мен 500 бала» жобасына өз құнды сыйлығын табыстау арқылы үлесі қоспақ, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Pavlodarnews.kz дерегіне сүйеніп.

Аталған Asar-Ume қоры өзінің Іnstagram әлеуметтік парақшасында таратқан. 

Asar-Ume қоры  100 отбасы және 500 бала жобасын іске қосады. Әркімді бұл қайырымдылық шарасына үлес қосуға шақырамын. Жұмыла кіріскен істің нәтижесінде 500 бала  өз баспанасында өмір сүретін болады, – деді  музыкант.

Отандасымыз бұл бағалы сыйлықты ағылшын-норвегиялық музыкалық продюсер әрі диджей Алан Уокермен бірге 2021 жылы «Sweet Dreams» бірлескен синглы мен бейнеклипін шығарып, нәтижесінде алтын платина дискін еншілеген.

Айта кетейік, 2021 жылғы 15 наурызда Иманбек Зейкеновтің SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алған болатын

Фото: pavlodarnews.kz

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ