«TEN QOGAM» орталығы 27 оқушыға сөмке табыстады

Уақыты: 29.08.2023
Оқылды: 736

«TEN QOGAM» мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау орталығы  биылғы жылы «Мектепке жол» акциясы бойынша 27 оқушыға сөмке табыстады.

Шара қолдау орталығының бас үйлестірушісі Дәулет Ауданбаевтың сөзімен басталды. 

– Қадірлі ағайын, ел үшін қызмет етіп жатқан азаматтарымыздың арқасында бүгін аз қамтылған және көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі  отбасыларынан шыққан оқушыларға материалдық қолдау көрсетіп, балалардың мектепке келмеуінің алдын алып жатырмыз, – деп ол шара барысымен таныстырды.

«Бір үй аш болса, бір ауыл аш, бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш» деген қағиданы берік ұстай отырып, ҚМДБ-ның Жетісу облысы бойынша өкіл имамы Керімбек Дәуітов оқушыларға сөмкелерін табыстады.

Сонымен қатар, ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің тапсырмасына сәйкес Жетісу облысы бойынша  «Мектепке жол»  акциясы аясында 2000 балаға мектеп құралдары мен сөмкелер таратылып, 700 балаға мектеп формасы берілген.

А. ӘБІЛТАЙҚЫЗЫ
Сурет авордікі