ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСЕДІ

Уақыты: 26.10.2022
Оқылды: 1982
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий ИЛЬИН Жетісу облысының тұрғындарымен кездеседі.

2022 жылы, 28 қазанда Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, одан кейін азаматтарды жеке қабылдайды. Жеке қабылдауға алдын ала жазылу келесі нөмір бойынша жүзеге асырылады: 8/7282/55-91-10, dshs_zhetisu@emer.kz.

Кездесу Бикен Римова атындағы Жетісу облыстық драма театры ғимаратында өтеді (Талдықорған қаласы, 7-шағынаудан, Көктем көшесі 24, басталуы сағат 10:00-де).

Жетісу облысының қала мен аудан тұрғындары шараға онлайн түрде қатыса алады. Отырыстың трансляциясы қала және аудан әкімдіктерінің ғимараттарынан бейне конференция байланысы арқылы қолжетімді болады. Сонымен қатар, кездесу ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Отырыс аяқталған соң Төтенше жағдайлар министрі брифинг өткізіп, министрліктің қызметі туралы журналистердің сауалдарына жауап береді (журналистерді тіркеу 8701 188 8954 нөмірі бойынша жүргізіледі).

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"