Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ҚАР, КӨКТАЙҒАҚ, ЖЕЛ. АЛМАТЫ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНДА КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛДІ

Уақыты: 30.11.2022
Оқылды: 2950

Алматы және Жетісу облыстарында 1 желтоқсан күні қатты қар жауып, көктайғақ болады, тұман түседі. Сонымен қатар, 30 қараша, түнгі сағат 22:00-ден бастап "Алматы-Өскемен" автожолының Жоламан ауылының бұрылысынан Сарқан қаласына дейінгі бөлігінде тіркемесі бар жүк көліктері мен автобустарға шектеу енгізілді.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Алматы облысында 1 желтоқсан күні батыстан шығысқа қарай жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді деп күтілуде. Ал 1 желтоқсанда Жетісу облысының солтүстігінде және таулы өңірлерінде тұман түседі. Таулы жерлерде қалың қар жауып, солтүстік-шығыстан жел соғуы мүмкін. Сонымен бірге, ауа райының нашарлауына байланысты (жел, жаңбыр, төмен температура) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көлігі мен жолаушы автобустары үшін "Алматы - Өскемен" (Жоламан ауылы - Сарқан қаласы) автожолының 124-410 шақырымында уақытша шектеу енгізілді.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"