Шаруалардан шағым жоқ

Уақыты: 16.03.2024
Оқылды: 399
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қасиетті Жер-Анадан мол өнім алып, шаруаның ісі алға жылжу үшін өнімге міндетті түрде тыңайтқыштар қолданған жөн. Құрамында қоректік элементтер көп болатын тыңайтқыш өсімдіктердің толық өсіп-жетілуіне ауадай қажет. Сондықтан нәпақасын жерден тауып отырған шаруалардың сұранысын қанағаттандыру үшін Көксу ауданында 2021 жылдан бері арнайы тыңайтқыш базасы жұмыс істеп келеді.

Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге қажетті өнімді қолжетімді ету мақсатында тыңайтқыш базасы үздіксіз жұмыс жүргізуде. Қоймада отандық өнім «Аммофос 10:46»-дан бастап ресейлік және басқа да мемлекет тыңайтқыштарының 10-нан астам түрі сатылады. Шаруалардың дәл осы қоймадан 50 келіден 1000 тоннаға дейін тауарды сатып алуға мүмкіндігі бар.

Базаның коммерция бойынша директоры Жандос Бектеміровтың айтуынша,  мұндай тыңайтқыштар базасы еліміздің әрбір аумағында болуы тиіс.

Агроөнеркәсіп саласын дамытуға білек сыбана кірісуіміз керек.  Шаруалар үшін мол өнім көзі болған тыңайтқышты тиімді пайдалану аса маңызды. Біз тұтынушыларға кеңес беріп, тауарды тиімді пайдаланудың нұсқамасын айтамыз. Сондықтан да осы базаны Жетісу облысынан аштық. Біз қазақстандық «Қазфосфат» зауытының ресми сауда үйі болғандықтан, зауыттың фосфорлық тыңайтқыш «Аммофос 10:46» өнімін ұсынамыз. Одан басқа Ресейдің атақты «Уралхим», «Щекино Азот», «Куйбышев» және норвегиялық «Яра» компаниясының өнімдері де бар. Бұл өнімдерге шағым айтқандар болған жоқ. Керісінше,  өнімді алған шаруалар алғыс айтып жатады.  Жетісулық шаруалар  қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін 1 мың 200 тоннадан астам тыңайтқыш сатып алды. Оның 220 тоннаға жуығын Көксу ауданы шаруа қожалықтарына жібердік, – дейді Жандос Жарылқасанұлы.

Жалпы, «Қазфосфат» ЖШС ТМД және Еуропа аумағында құрамында фосфоры бар тыңайтқыштар мен жемшөп фосфаттарын өндіретін ірі компанияның бірі. «Қазфосфат» ЖШС өнімдері Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдерінің нарықтарына жеткізіледі. Жоғары сапалы өнімдерді өндіру мен қайта өңдеуден бастап дайындау мен жеткізуге дейінгі барлық үдерістерді қамтитын компанияның негізгі қызметі – геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, фосфорит кенін өндіру және қайта өңдеу, фосфорлы минералды тыңайтқыштар мен жемшөп фосфаттарын өндіру. Сондай-ақ, Қазақстанның химия саласының кәсіпорындарын дамыту бойынша басым міндеттерді шешуге, сапалы бәсекеге қабілетті өніммен әлемдік нарықтарға шығуға, шикізатты қайта өңдеудің жоғары деңгейінің нәтижесі саналатын жоғары технологиялық тауарларды жеткізуші ретінде Қазақстан Республикасының имиджін құруға бағытталған. Бүгінгі таңда еліміздің әр облысында 12 қойма шаруалардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүйелі жұмыс істеп тұр.  

Еңлік КЕНЕБАЙ
Көксу ауданы
Фото: aogarden.ru