АҚШ елшісі Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен қазақша құттықтады

Уақыты: 22.03.2024
Оқылды: 439
Бөлім: КҮНДЕРЕК

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, видеоқұттықтау жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрлардан дипломат киіз үйге кіріп, дастархан басына отырып, ұлттық киім киген әйелдің қолынан кесені алып, ел халқын қазақша құттықтағанын көруге болады.

"Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын! Достығымыз бен сыйластығымыз жалғассын!", - деді ол.

Дэниел Розенблюм 2022 жылғы 28 қазанда АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі ретінде ант берді. Ол бұған дейін Өзбекстандағы АҚШ елшісі қызметін атқарған (2019-2022).

Фото: instagram.com/usinkz