"ТАЛДЫҚОРҒАНДА КАРАНТИН САҚТАЛАДЫ": БАС САНИТАРДЫҢ ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ

Уақыты: 06.06.2020
Оқылды: 1274
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мен, Талдықорған қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері ӘСІМҚҰЛОВ Ермек Әсімқұлұлы, «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде, карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылдың 30-шы мамырдағы №38 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Алматы облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.06.2020ж. №14 «Алматы облысының аумағында кезең-кезеңімен карантинді шараларды босаңсыту туралы» Қаулысына сәйкес, Талдықорған қаласының аумағында СOVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық тіркелуіне байланысты (128 жағдай) соңғы 7 тәулік ішінде 7,1 пайыз өсуіне байланысты, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Талдықорған қаласының аумағында карантиндік шараларды жалғастыру. Карантиндік іс-шаралардың режимі мен мерзімі «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралу жағдайының ауысуына байланысты өзгертілуі мүмкін.

2. Талдықорған қала және ауыл округтарының әкімдері, Талдықорған қала полиция басқармасының басшысы және де Талдықорған қаласының басқа да мүдделі қызметтерінің басшылары қамтамасыз етсін:

2.1 Талдықорған қаласы бойынша карантиндік іс-шараларды күшейту және күн сайынғы дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастыру, атап айтқанда тротуарларды, қоғамдық көліктерді, қоғамдық көлік аялдамаларын, спорттық снарядтарды,  балалар және спорт алаңдарын,  орындықтар мен сәкілерді, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды.

2.2 Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып кеңселердің, мемлекеттік органдардың қызметтері. Бұл үшін қызметкерлердің 30% қашықтан жұмыс жасау формасы (штат кестесі сәйкес 30 қызметкерден көп болса) сақталады.   

2.3 Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық - әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернат үлгісіндегі мүгедек балаларға арналған оқу орындарында карантин және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау.

2.4 Қызметті жүзеге асыратын барлық объектілерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, бетін күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды жинау, желдету).

2.5 Білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқыту, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін жүргізу.

3. Талдықорған қаласының тұрғындарына:

3.1 Қала ішінде және одан тыс жерлерде еркін қозғалуға рұқсат етіледі.

3.2 Жабық үй-жайларда және көшеде, оның ішінде сауда объектілерінде, қоғамдық орындарда, қоғамдық көлік аялдамаларында және басқа да көпшілік жиналатын орындарда бір-бірінен кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау.

3.3 Барлық жерде, оның ішінде қоғамдық көлікте бетпердесіз жүруге тыйым салынады.

3.4 Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (тұмау, түшкіру, дене қызуының көтерілуі) пайда болған кезде жедел медициналық көмекті 103 нөмірі бойынша шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай, үйде дереу медициналық көмекке жүгінуге болады.

3.5 Жабық үй-жайларда ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды, спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

4. Талдықорған қала әкімі, Талдықорған қаласының полиция басқармасының басшысы, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық даму басқармасының басшысы және «Атамекен» ҰКП басшысы келесі қызметтердің тоқтатылуын қамтамасыз етсін:

4.1 Ойын - сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, үйірмелердің, интернет және компьютерлік клубтардың, ойын алаңдарының, отбасылық демалыс орындарының және басқа да адамдар көп жиналатын орындардың.

4.2 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 19-қосымшасына сәйкес онлайн-тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, 50 орыннан асатын қоғамдық тамақтану нысандары.

4.3Түнгі клубтар, кальян барлар.

4.4 Ойын - сауық объектілері (букмекерлік, бильярд, караоке, ps-клубтар, квест, антикафе, боулинг-орталықтар және т.б.).

4.5 Барлық меншік формасындағы спорт нысандары (қауыздар, тирлер, атыс орындары және т. б.).

    1. Саябақтар, фонтандар.

5. Талдықорған қала әкімі, Талдықорған қаласының полиция басқармасының басшысы, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық даму басқармасының басшысы және «Атамекен» ҰКП басшысы күшейтілген санитариялық - дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызметке рұқсат беруді қамтамасыз етсін:

    1.  Өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындарының объектілері.

5.2 Алдын ала жазылу бойынша қабылдайтын меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар, оның ішінде стоматологиялық ұйымдар.

5.3 Ветеринариялық қызметтер, оның ішінде ветеринариялық және мал шаруашылығының жедел жәрдем қызметтері.

5.4 Зертханалардың барлық түрлері.

5.5 Супермаркеттер, азық-түлік дүкендері, оның ішінде көп пәтерлі тұрғын үйдегі, сауда – ойын - сауық орталықтарындағы дүкендер.

5.6 Дәріханалар, оның ішінде ветеринарлық.

5.7 Қалалық коммуналдық қызметтері мен инфрақұрылымдары (электр энергетикалық компаниялар, сумен жабдықтау/жылумен жабдықтау, өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері, тұрғын үй қорын басқару саласындағы қызметтер (электриктер, сантехника, аулалар мен үй-жайларды жинау, авариялық қызмет, оның ішінде лифтілерге қызмет көрсету), көшелер мен үй - жайларды жинау, қоқыс пен қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату, дезинфекциялық қызметтер, жол қозғалысын реттеумен техникалық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар.

5.8 Телекоммуникация және байланыс (инженерлік қызмет қызметкерлері үшін (ұялы байланыстың базалық станцияларын, жөндеу бригадаларын, коммуникация желілерін басқару және карантин кезеңінде барлық жабық объектілерге, оның ішінде базалық станциялар және байланыс операторларының жабдықтары орналасқан сауда объектілеріне қол жеткізе отырып, техникалық қолдау орталығын монтаждау және салу).

5.9  Арнайы бұқаралық ақпарат құралдары.

5.10. Көктемгі егістік жұмыстарын жүргізуге тартылған ұйымдар мен қызметкерлер алгоритмге сәйкес жұмыс істеуді.

5.11. Қоғамдық көлікпен адамдарды тасымалдауға арналған қызметтер, таксидің ресми қызметтері. Мамандандырылған көлік тиісті белгілермен (таксиге арналған дойбы) және жүргізушінің жеке басы туралы ақпаратты жолаушыға көрнекті орында (жүргізушінің паспорттық деректері, кәсіпорынның деректері, телефон нөмірі, атауы, автомашинаның нөмірі) жабдықталуы. Қоғамдық көліктердің толымдылығы отыратын орындардың санынан артық болмауы. Әрбір рейстен кейін дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, есік тұтқаларын және салонның ішінде ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу, әрбір 3 сағат сайын ауыстырудың кезеңділігін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарын (қорғаныш бетперделер, қолғаптарды), сондай-ақ, қолды өңдеуге арналған антисептиктерді пайдалануы.

    1. Автожанармай және автогаз құю станциялары қалыпты жұмыс кестесімен.

5.13 Салттық қызмет көрсету объектілері, зираттар, еріп жүретін адамдардың ең көп саны он адамнан аспайтын жерлеу рәсімдерінің автокөліктерін.

5.14 Мемлекеттік басқарудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік, құқық қорғау және басқа да мамандандырылған органдар мен олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары.

5.15 Жолдар мен көпірлерге, оның ішінде темір жолдарға қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.

5.16 Техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиномонтаж, автосалондар.

5.17 Сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдар.

5.18 Аэропорт алгоритмді сақтай отырып жұмыс істеу.

5.19 Күзет ұйымдары.

5.20 Ақпараттық-коммуникациялық технология компаниялары.

5.21 Ақпараттық арналар арқылы қызметіне рұқсат етілетін нысандарды хабардар ету, бейінді қауымдастықтардың қатысуымен бейнеконференциялар өткізу, ресми веб-ресурстарға қажетті ақпаратты орналастыру.

5.22 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 42-қосымшасына сәйкес, алгаритмді сақтай отырып, моншалар, сауналар, СПА, массаж орталықтары.

5.23 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы  22 мамырдағы №37 қаулысының 14-қосымшасына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдардар.

5.24 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 16-қосымшасына сәйкес, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, діни нысандар.

5.25 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы  22 мамырдағы №37 қаулысының 11-қосымшасына сәйкес, халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы нысандар (қонақ үйлер, отельдер) мен туризм нысаналары.

6. Талдықорған қала әкімі, Талдықорған қаласының полиция басқармасының басшысы, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық даму басқармасының басшысы және «Атамекен» ҰКП басшысы күшейтілген санитариялық - дезинфекциялық режимді сақтай отырып, уақыт (сағат) шектеуімен қызметке рұқсат беруді қамтамасыз етсін:

6.1 Азық-түлік базарлары (жәрмеңке) сағат 08-00-ден 15:00-ге дейін.

6.2 Автокөлік бөлшектерін, құрылыс материалдарын, тұрмыстық химия заттарын, тұрмыстық техниканы сататын азық-түлік емес дүкендер, жұмыс уақытын сағат 1000-ден 1700-ге дейін.

6.3 Азық-түлік емес, оның ішінде сауда үйлер, базарлардың жұмыс уақытын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін. 

6.4 Тұрмыстық және электрондық техниканы жөндеу бойынша қызметтерінің жұмыс уақытын сағат 1000-ден 1700-ге дейін.

    1. Құрылыс дүкендері, жазғы коттедж жабдықтарын сататын дүкендер, оптика

(дүкендер), фотосалондар, зоодүкендер, тығыз қатынасты болдырмайтын нысандардың жұмыс уақытын сағат 1000-ден 1700-ге дейін.

6.6 Сұлулық салондары, шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша) медициналық бетперде киген келушілерді қабылдауды қамтамасыз ететіндерді сағат 10:00 -ден 18:00-ге дейін.

6.7 (алынып тасталған - ред).

6.8 Халыққа қызмет көрсету нысандары: баспаханалық қызмет көрсететін нысандар, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу бойынша сервис, химиялық тазалау, кір жуу орындардың жұмыс уақытын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін.

    1. Халыққа қызмет көрсету орталығы, екінші деңгейдегі банктер, кредиттік

серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, ломбардтар, айырбастау пункттері, оның ішінде банктік емес пунктері сағат 10:00 -ден 18:00-ге дейін.

6.10 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы  22 мамырдағы №37 қаулысының 17-қосымшасына сәйкес, әлеуметтік ара-қашықтықты, отырғызуды және келушілердің саны 50 адамға дейін шектелген қоғамдық тамақтану нысандары(оның ішінде жазғы павильондар) жұмыс уақытын сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін.

6.11 Бизнес орталықтары, сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, коллекторлық қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушыларының жұмыс уақытын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін.

7 Меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылған ұйымдарда жұмыс істейтін барлық ұйымдардың басшылары елдің басқа өңірлерінен, аудандарынан, қалаларынан, облыстың елді мекендерінен іссапарға келген барлық тұлғалардың нәтижесін алғанға дейін CОVID-19 зертханалық тексеру жүргізу үшін үй карантинінде оқшаулауын қамтамасыз етісін. COVID-19 зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижесі бар адамдар жұмысқа қайтарылады, оң нәтижесі бар адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады.

8.Аэропорттың басшылары қамтамасыз етсін:

8.1 Шетелден келгеннен кейін әуе кемелерін, оның ішінде жер үсті жабдығы мен көлігіне қызмет көрсететін жабдықтарды қорытынды дезинфекциялауды.

8.2 Әрбір тұрақты және чартерлік рейстерден кейін әуе кемелерін ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды.

8.3 Тұрақты және чартерлік рейстердің жолаушыларын түсіруге және отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды.

9. «Қазпочта» АҚ Алматы облыстық филиал бөлімшелерінің жұмысын, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызметкерлердің халыққа бір реттік қолғаптар мен медициналық бетпердеде қызмет көрсетуін, пошта хат-хабарларымен (хаттар, сәлемдемелер және т.б.) байланысты жұмыстарды жеке қорғану құралдарымен (халат, медициналық бетперде, қолғаптар) жүргізуін қамтамасыз етсін жұмыс уақытын сағат 1000-ден 1700-ге дейін.

10. Карантин шаралары кезінде жұмыс істейтін нысандарға мынадай санитариялық және дезинфекциялық режимдерді сақтау қажет:

10.1 Жұмысы қашықтан жүргізілуі мүмкін қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне ауыстыру.

    1.  Кіру және шығу кезінде қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату.

10.3 Барлық қызметкерлерге бір рет қолданылатын бетперде мен қолғаптарды пайдалану.

10.4 Үстелдердің, сөрелердің, орындықтардың, баспалдақтардың тұтқаларының, есіктердің едендері мен барлық беттерін дезинфекциялық құралдармен қолдану нұсқаулығына сәйкес күніне кемінде 3 рет өңдеу.

    1. Келушілердің бетпердесіз болуына жол бермеу.
    2. Келушілердің әлеуметтік қашықтығын кемінде 2 метр сақтауды қамтамасыз ету.

11. Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы ШЖҚ МКК «Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясы», ШЖҚ МКК «Талдықорған қалалық емхана», ШЖҚ МКК «Талдықорған қалалық емхана №2», ЖШС «ХАК» МО, МЕМ «Нур Авиценум» МО қамтамасыз етсін:

11.1 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы  22 мамырдағы №37 қаулысының 38-қосымшасына сәйкес COVID-19-ды қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыруды және ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлауды.

    1. Эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, COVID-19-бен ауыратын науқастарды оқшаулау үшін инфекциялық стационарларда жеке төсектер бөлуді.
    1. Эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар науқастарды оқшаулау үшін жеке провизорлық төсектер (стационарлар) бөлуді.
    1. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оны оқшаулау үшін көрсетілетін медициналық көмектің ерекшелігін ескере отырып, үй-жайлар бөлуді.
    2. Пациенттердің күнделікті ағымын (басқа да нозологиялық аурулар бойынша) COVID-19  ауруына күдікті пациенттермен қиылысуын болдырмай бөлуді.
    3. Босанатын әйелдер босандыру ұйымына, сондай-ақ көп бейінді стационарларға COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер түскен кезде медициналық көмекті жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, оқшауланған үй-жайда көрсетуді қамтамасыз етсін. Пациентте COVID-19 диагнозы расталған кезде медициналық көмек көрсетуге тартылған персонал үй карантинінде оқшаулауға және COVID-19-ға зертханалық тексеруге жатады. Оң нәтиже болған жағдайда жұмыстан шеттетіледі және емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда өз қызметтік міндеттерін одан әрі жалғастырады және 14 күн бойы медициналық бақылауға жатады.
    4. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы  22 мамырдағы №37 қаулысының 31-қосымшасына сәйкес COVID-19-ға зертханалық тексеруді.
    5.  Клиникалық хаттамаға сәйкес тексеру үшін 3 күнге дейінгі мерзімге COVID-19 науқастарды инфекциялық стационарға жатқызуды. Симптомсыз вирус тасымалдаушылық кезінде (SARSCoV-2 ПТР РНК оң нәтижесі, өкпені аспаптық визуализациялау кезінде шағымдардың, клиникалық симптомдардың және патологиялық өзгерістердің болмауы) пациент емдеуші дәрігердің шешімі бойынша, бөлім меңгерушісінің келісімімен және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық және қалалық басқармаларының эпидемиологының келісімі бойынша шығарылады.
    1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020

жылғы  22 мамырдағы №37 қаулысының 34-қосымшасына сәйкес, клиникалық хаттамаға сәйкес COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды оқшаулау жағдайлары болған кезде үйде карантинді және медициналық қадағалауды.

    1. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған жағдайда COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды карантиндік стационарға жатқызуды.
    1. Тұрғын үйдің үй карантинін ұйымдастыру үшін талаптарға сәйкестігін бағалауды.
    1. Үйде медициналық бақылау жүргізуді және үй карантині талаптарының сақталуын бақылауды.
    1. Шет елден келген адамдарды COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарға жатқызуды.
    1. COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды және шет елден келген адамдарды әртүрлі карантиндік стационарларға орналастыруды.
    1. Медициналық персоналды карантиндік стационарларға олардың орын

ауыстыруын болдырмай (COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарға арналған карантиндік стационарлардың медицина персоналын және шет елден/өңірлерден келген адамдарға арналған карантиндік стационарлардың медицина персоналын араластыруға жол берілмейді) бекітуді.

    1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес, карантиндік стационарларының медицина персоналының 2-қорғау деңгейіндегі ЖҚҚ-ны пайдалануын.
    1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 31-қосымшасына сәйкес COVID-19-ға зертханалық тексеруді.
    1. COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдарды COVID-19-ға зертханалық тексеруді (ықтимал байланыс) және оларға COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіруді.
    1. Үйде оқшаулау жағдайында 14 күн бойы COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдарды (жақын байланыс) зертханалық тексеруді және медициналық бақылауды (үй карантині).
    1. Халыққа профилактикалық егуді жүргізуді қамтамасыз етсін.

12. Қоғамдық тамақтандыру саласындағы 50 орыннан асатын кәсіпкерлік субъектілеріне (нысандарына):

    1. Тұтынушыға дейін тауарды бір реттік орамда (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) жеткізу арқылы ғана қызметті жүзеге асыру.

12.2 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы  22 мамырдағы №37 қаулысының 19-қосымшасына сәйкес Уақытша ережелер талаптарын жұмыста басшылыққа алу.

12.3 Персоналмен жұмыс кезінде бір рет қолданылатын қолғаптар мен бетперделердің пайдалануын қамтамасыз ету (3 сағатта 1 рет ауыстыру).

    1.  Жіті респираторлық жұқпалары (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітуі

және т. б.) бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу.

    1. Кіру және шығу кезінде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату.

12.6 Нысананың барлық үй-жайларында, тағайындалуына қарамастан экспозиясы кемінде 30 минут бактерицидті шамдарды пайдалану, әрбір 2 сағат сайын тоңазытқыш және технологиялық жабдықтарды өңдеу. Тек қолғаппен жұмыс істеу.

12.7 Қызметкерлер штатын минимумға дейін қысқарту, күнделікті термометрия күніне 2 реттен кем емес. Кешке барлық арнайы киім жібітіледі және өңделеді, күнделікті арнайы киімді ауыстыру және объект қабырғасында өңдеу. Бір рет қолданылатын арнайы киімді пайдалану ұсынылады.

    1. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін)

санитарлық-эпидемияға қарсы іс - шараларды жүргізуді қамтамасыз ету-қызметкерлер мен келушілерге арналған есіктердің, тұтқалардың, технологиялық жабдықтардың, үстелдердің, санитарлық тораптардың тұтқаларын дезинфекциялық салфеткалармен (немесе дезинфекциялық құралдардың ерітінділерімен) сүрту жолымен дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, үй-жайларды желдету және ылғалды жинау, кварцтау.

12.9 Өнімді жеткізу кезінде тұтынушымен байланысты болдырмау, алдын ала клиентті телефон арқылы хабарлай отырып (қақпау, қоңырау шалмау,  қоңырау шалу түймелеріне тимеу), есіктің жанында өніммен себетті қалдырып, тұтынушымен байланыс жасамау.

    1. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететін объектіде

жауапты қызметкерді бекіту.

  1. Талдықорған қаласының полиция басшысы қамтамасыз етсін:
    1. Талдықорған қалалық Бас санитариялық дәрігердің қаулысы бойынша науқастардың және байланыста болған адамдардың тұратын орындарын қоршап, оқшаулауды.

13.2 Жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оның ішінде профилактикалық  сипаттағы шараларды қолдануды.

13.3 COVID-19 науқастарымен байланыста болған және басқа өңірлерден келгендерді санитариялық - эпидемиологиялық қызмет органдарынан мәліметтер беру бойынша іздеуді.

Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермей, провизорлық, карантиндік стационарларды

және үй карантиніндегі адамдарды күзетуді.

14. Әскерге келушілерді тасмалдайтын  көліктер мен адамдар қамтамасыз етсін:

1) әскери бөлімдерге келгеннен кейін әскерге келушілерді 14 тәулікке оқшаулауды, олардың шақырылған өңірлер бойынша бөлектеуді.

2) әскерге келушілерді орналастыру үшін орындар дайындауды.

3) әскерге жаңадан келушілерге кесте бойынша бос уақытты өткізу үй-жайларында (монша-кір жуу қызметін көрсететін және басқа да ортақ пайдаланылатын орындарда) болуын ұйымдастыруды және басқа жеке құраммен байланысты болдырмай, тамақтануды ұйымдастыруды.

4) Жеке құрам арасында COVID-19-дың таралу тәуекелін төмендету бойынша алгоритмді сақтауды.

5) әскери бөлімдерге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық тексеруді.

6) жеке құрам арасында COVID-19 ауруы жағдайлары анықталған жағдайда және ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуді, байланыста болғандарға, симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарға медициналық бақылауды және оларды оқшаулауды қамтамасыз етсін.

15. Талдықорған қала әкімінің орынбасары, ішкі саясат басқармасы және бұқаралық ақпарат құралдары:

15.1 Үй жағдайында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алуға, жеке алдын алу шараларына және ауру жағдайында мінез-құлық тактикасына баса назар аудара отырып, түсіндіру-ағарту жұмыстарын күшейту;

15.2 Халық үшін ресми көздерден шынайы ақпаратты орналастыру (coronavirus2020.kz. anti-corona.kz, денсаулық сақтау министрлігінің және әкімдіктердің ресми сайттары).

16. Осы қаулы барлық мүдделі органдардың, ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

17. Шаруашылық субъектілерінің (объектілердің) басшыларына, барлық жеке және заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне, жеке кәсіпкерлерге, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге, меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, осы қаулының және Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының талаптарын қатаң орындау.

18. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

19.Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Е.ӘСІМҚҰЛОВ,

Талдықорған қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

Сурет - ғаламтордан