"ҚЫЗУЫ КӨТЕРІЛГЕН": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ СӘБИДЕН КОРОНАВИРУС ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 10.06.2020
Оқылды: 788
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында вирус жұқтырған тағы 11 адам тіркелді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

Оның ішінде, 5 адам – Талдықорған қаласында, 2 адам – Қарасай ауданында, 3 адам - Ескелді ауданында және 1 адам Текелі қаласында анықталған. Олардың арасында 2019, 2020 жылы туған сәбилер де бар.

11 науқастың барлығының дене қызуы көтеріліп, әлсіздікке, тамақ ауруына шағымданып, "Жедел жәрдем" қызметкерлерін шақыртқан. Оларға ЖРВИ және пневмония диагнозы қойылып, жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылған.

Қазіргі уақытта науқастар оқшауланып, байланыста болған адамдар карантинге алынды. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүргізілуде. 10 маусым, сағат 12:50-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 457 адам болса, олардың ішінде 287-і жазылып шыққан. Өкінішке қарай, кешегі күні де Талдықорған мен Қапшағай қаласында барлығы 5 адамнан коронавирус табылған еді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"