БІРЫҢҒАЙ ИНТЕРНЕТ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ЖАҢА САЙТҚА КӨШТІ

Уақыты: 16.06.2020
Оқылды: 1344
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты мемлекеттік органдар бірыңғай интернет-ресурсының тұғырнамасына көшті. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысының жаңалықтары мен өңірде атқарылған жұмыстар туралы енді барлық мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстары мен электронды үкімет порталын біріктіретін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасына (МО ИРБТ) өту арқылы білуге болады.

Облыс әкімдігінің жаңа сайтына кіру үшін браузер жолына бұрын жұмыс істеп тұрған zhetysu.gov.kz мекенжайының орнына жаңадан www.gov.kz деп теру қажет (ары қарай мемлекеттік органдар - әкімдіктер - Алматы облысы әкімдігі деп таңдайсыз) немесе Алматы облысы әкімдігінің қазақша / орысша бөлімін таңдау арқылы кіре аласыз (көкпен белгіленген сөзді басыңыз).

Сөйтіп, облыс әкімдігінің бұрын қолданыста болған zhetysu.gov.kz ресми сайты 2020 жылдың 12 маусымынан бастап жұмыс істемейді. Барлық ақпараттар МО ИРБТ-ға орналастырылуда.

Жаңа тұғырнамаға көшу «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 16-бабына сәйкес жүзеге асырылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"