Қыстың қамын жаз ойла

Уақыты: 29.08.2018
Оқылды: 1522
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Мал қыстату науқанына әзірліктің басы – мал азығын дайындау. Аудан негізінен шөлейтті болғандықтан табиғаты  мал шаруашылығына қолайлы. Сол себепті мал азығын дайындау жұмысы мамыр айының соңғы күндерінен басталды. Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша ауданда  62,6 мың  мал басы қыстамақ. Осы малға 92,4 мың тонна шөп дайындалуы тиіс.

Биыл ауданға облыстық ауылшаруашылығы басқармасынан 118,4 мың тонна шөп, 11,3 мың тонна пішендеме, 13,3 мың тонна сабан, 43,6 мың  тонна сүрлем дайындау тапсырылды. 
 Мал азығын дайындау жұмыстарын ұйымдастырып, көмек көрсетіп  қадағалап отыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына ауылдық округ әкімдері, ветеринария, ауылшаруашылығы бөлімінің мамандары мен су шаруашылығы, төтенше жағдайлар бөлімдерінің басшылары енгізілді.
 Шөп дайындау науқанына қажет техникалар сақадай сай жұмыс атқарып тұр. Егін ору мен шөп шабу жұмыстарына 576 тонна дизель отыны бөлінген. Бүгінгі күнге «Қарамай Продакс» ЖШС-нен аталған көлемнің 188 тоннасы алынды.
Мал азығын дайындауға жауапкершілікпен қарап, малға қажет азықты дер кезінде дайындаған бірқатар шаруа қожалықтарын атап өтуге болады. Олар Междуреченскідегі «Олжас», «Демеу», «Бектөбе» шаруа қожалықтары болса, Күртідегі «Садырбаева М», «Айна», «Ақши Дамуы» шаруашылықтары, Қараойдағы «Құдайберген», «Жазылбеков», «Нүсіпәлі» шаруашылықтары. 

Әлімжан Юсупов,
аудандық ауылшаруашылығы 
 бөлімі басшысының орынбасары
              Іле ауданы