ЗИЯНКЕСТЕРДЕН ҚОРҒАУ МАҢЫЗДЫ

Уақыты: 21.11.2018
Оқылды: 1053
Бөлім: ЭКОНОМИКА

   «ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы» ММ (бұдан әрі – Инспекция), өзінің құзыреті шегінде оған Конституциямен, Заңдармен, ҚР-ның басқа да нормативтік-құқықтық актілерімен жүктелген асыл тұқымды мал шаруашылығына, мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктердің орындалуына, астық нарығын реттеу саласында, өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині саласындағы арнайы атқару мен бақылау – қадағалау міндеттерін жүзеге асыратын  ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшесі саналады. Аталған инспекцияның 17 аудан мен   3 қалада аумақтық инспекциялары бар.

 

   Ағымдағы жылы инспекция республикалық бюджет есебінен ауылшаруашылығына зиянын тигізетін аса қауіпті организмдерге қарсы 248 585 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізуді жоспарлап, нәтижесінде 233 685 гектар жер химиялық өңдеуден өтті. Оның ішінде 88,900 мың гектары азиялық шегіртке, 128,765 мың гектары итальяндық шегіртке, 17 220 гектары қытайбұршақтағы өрмекші кенеге, 13 700 гектары жүгерідегі мақта көбелегі бар. «НАК КазАвиа» ЖШС 8 ұшақпен, «Фитосанитария» РММ 4 атомайзерлік бүріккіш техникасы мен 7 тракторлық бүріккіш техникаларымен, «Gard Agroservis» ЖШС 5 газогенератормен химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізді. Мұның сыртында облыс бюджеті есебінен зиянды үйірсіз саяқ шегірткелерге қарсы 90,6 мың гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жоспарға сәйкес толық атқарылды. 
   Карантиндік объектілерге қарсы жалпы көлемі 1160,5 гектар жер химиялық өндеуден өтті. Бүгінге дейін өсімдіктерді қорғау мен өсімдіктер карантині бойынша 72 заң бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 23 айыппұл салынып, 6  нұсқама берілді. Сондай-ақ, 43 карантинге жатқызылатын өнім кері қайтарылды. Карантиндік арамшөптерді жою мақсатында жеке және занды тұғаларға 78 (нұсқама), яғни, түсініктеме жүргізілді.     
   Жалпы, қазір облыста аса қауіпті және зиянды организмдермен карантиндік организмдердің таралу аймақтары белгілі және ол өсімдіктерді қорғау мен өсімдіктердің карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың толықтай бақылауында. Бүгінде ауылшаруашылығы жерлерін, егістіктер мен шабындықтарды зиянкестерден қорғауға барлық жағдай жасалған. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің тізілімінде 750 субъект тіркелген. Жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы саласының субъектісі ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарламалары тұрақты түрде қабылданып, қаралады. Жыл басынан 26 хабарлама қаралды.    
   Ауылшаруашылығы малдарын асылдандыру жұмыстарын жүргізуде оларды қолдан ұрықтандырудың маңызы зор. Ай сайын барлық шаруашылық санаттары бойынша ірі қара малды қолдан ұрықтандыру туралы және асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталық қоймаларындағы өндіруші бұқалар ұрығының есебіне мониторинг жүргізіледі. Жыл басынан бері барлығы 450,8 мың бас сиырдың 11,2 пайызы қолдан ұрықтандырылды. Қазіргі кезде қолдан ұрықтандыратын 299 пункт жұмыс істейді. 
   ҚР «Астық туралы» Заңын сақтау мақсатында астық қозғалысы, астық қабылдау кәсiпорындарының жұмысы, астықтың сандық, сапалық есебiн дұрыс жүргiзу, материалды-техникалық базаның дайындығы, астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелу ережелерін сақтау, лицензия талаптарына сай жұмыс iстеуi қадағалануда. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасымен бірлесе отырып астық қабылдау кәсіпорындарының біліктілік талаптарына сәйкестігі мен биылғы астықты қабылдауға дайындығын анықтау кестесіне сай үш астық қабылдау мекемелері тексерілді. Олар «Агример» ЖШС, «Байсерке Агро» ЖШС және «Қапшағай Бидай өнімдері» ЖШС биылғы астықты қабылдауға материалдық-техникалық базасының дайындығы расталды. Инспекцияның жалпы штат саны 124, оның ішінде облыс бойынша 57, аудан бойынша 67. Нақты саны 116. Осы күнге дейін бос лауазымдарға 16 рет конкурс жарияланды. Оның ішінде ішкі конкурс арқылы 11 қызметкер, жалпы конкурс арқылы 15 адам жұмысқа қабылданды. Бүгінгі күнге 8 (бірлік) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар бар.
   ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заң талаптарын орындау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселесі бойынша жыл басынан бері инспекция алты өндірістік жиын өткізді және бір жиналыс соңында Жемқорлыққа қарсы күрес іс-шараларын күшейту мақсатында аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларының басшылары мен өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Талдықорған қаласында орналасқан ЛА-155/16 (уақытша тергеу изоляторы) мекемесіне барып сотталғандардың қандай жерде отырғанын көріп қайтты. Инспекция мамандарымен сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларында көшпелі жиындар өткізілді.

Болат ЖЫЛҚЫБАЕВ,
облыстық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы