Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке тағайындалды

Уақыты: 14.08.2023
Оқылды: 973
Бөлім: САЯСАТ

Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Мемлекет басшысының жарлықтарымен жаңа тағайындаулар өтті. Олар төмендегідей: 

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды;

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Фото: gov.kz