Ақпарат министрлігі журналист Сандуғаш Дүйсеноваға құқықтық көмек көрсетуге дайын екенін айтты

Уақыты: 14.08.2023
Оқылды: 1270
Бөлім: САЯСАТ

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналист Сандуғаш Дүйсеноваға құқықтық көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

Бұл туралы министрліктің баспасөз хатшысы Нұрбек Амиша Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

«Журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны расталды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі оқиға болған сәттен ішкі істер органдарына хабарласып, мәселенің мән-жайын білді. Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Сандуғаш Талдықорғанда жеке өмір мәліметтерін тарату туралы арыз бойынша ұсталып, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Министрлік мәселені назарда ұстайды және журналиске қандай да құқықтық көмек көрсетуге дайын», - деп жазды министрліктің баспасөз хатшысы Нұрбек Амиша Facebook желісінде.

Айта кетейік, 11 тамызда жетісулық журналист, азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенова ұсталған еді. Кейіннен журналистке ҚР Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша айып тағылғаны мәлім болды. Аталған бапта адамның жеке өмірі туралы ақпаратты таратқандарға жаза қарастырылған.

Фото: көрнекілікке алынды