АУДАН-ҚАЛАЛАРДА БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Уақыты: 24.04.2021
Оқылды: 1419
Бөлім: МІНБЕР

«Nur Otan» партиясының Алматы облысы бойынша бастауыш партия ұйымдарының кезекті жиналысы өтті. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Алматы облысында «Nur Otan» партиясының 86 866 партия мүшесін бір арнаға тоғыстырған 316 бастауыш партия ұйымы бар. Оның құрамына 2555 партиялық топ кіреді.

Соның бірі - Қарасай ауданындағы «Шамалған» бастауыш партия ұйымы. Құрамында 692 партия мүшесі бар. Бастауыш ұйым 2 жыл көлемінде атқарған жұмыстарын қорытындылап, БПҰ-ның төрағасы мен орынбасарын сайлап, аудандық конференция құрамына делегаттарды анықтады.

Нақтырақ айтсақ, БПҰ-ның күн тәртібінде бастауыш партия ұйымы төрағасының 2019-2020 жылдарда атқарған жұмысы туралы есебі, бастауыш партия ұйымының төрағасын, БПҰ-ның бюро мүшелерін сайлау, «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалының кезектен тыс XXXI есеп беру-сайлау конференциясына делегат сайлау мәселелері қаралды.

Бастауыш партия ұйымы төрағасының 2019-2020 жылдарда атқарған жұмысы туралы «Шамалған» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ержас Тоқтасынов баяндап өтті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Жарғысының 9.6 тармағына сәйкес Шамалған бастауыш партия ұйымының Бюро мүшелерін, одан әрі төрағасымен орынбасары сайланды.

Үшінші мәселе Қарасай аудандық партия филиалының XXХІ есеп беру-сайлау конференциясына байланысты Қарасай аудандық партия филиалының квотасы бойынша аталған БПҰ-нан 10 делегат сайланды. Делегаттар өкілеттілігі аудандық партия филиалының Саяси Кеңес Бюро отырысында қаралып, шешім қабылданады.

БПҰ-ның жиындары аяқталған соң 20 аудан-қалалық партия филиалдарының есеп-беру сайлау конференциялары жоспарланған. Одан кейін, 13 мамыр күні облыстық партия филиалының есеп-беру сайлау конференциясы өтеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"