БАЛАСЫН ӨЛТІРІП, ТОҢАЗЫТҚЫШҚА САҚТАҒАН ӘЙЕЛ АУРУ БОЛЫП ШЫҚТЫ

Уақыты: 14.05.2021
Оқылды: 1156
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында екі жастағы баласын өлтіріп, тоңазытқышта ұстаған әйел мәжбүрлі түрде емделуге жіберілді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Алматы облысының мамандандырылған қылмыстық соты таратқан мәлімет бойынша, әйел адам шизофрения ауруына шалдыққан. Сол себепті оған қатысты қылмыстық өндіріс сот қаулысымен тоқтатылды. Енді 27 жастағы әйел мәжбүрлі түрде мамандандырылған психиатриялық стационарда емделетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қазан айында Қаратал ауданына қарасты Үштөбе қаласында екі жастағы баланың денесі мұздатқыштан табылған болатын. Артынша кішкентай ұл баланы туған анасы өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан, əкесі өзге елде тұрады. Ең қорқыныштысы, әйел ұлын қалай тұншықтырып өлтіргенін өз қолымен көрсетіп берген еді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"