Республикалық жаттығу

Уақыты: 15.12.2017
Оқылды: 1188
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«Қоныс – 2017» Республикалық штабтық-командалық оқу-жаттығуын өткізу жоспарына сәйкес облыстық азаматтық қорғау, басқару органдарын даярлыққа келтіру үшін 2017 жылдың желтоқсан айының 12-жұлдызында сағат 9.00-де тиісті дабыл берілді. Облыстық эвакуация комиссиясы мүшелерінің, облыстық азаматтық қорғау қызметтері бастықтарының жиналуы  облыс әкімінің орынбасары – эвакуация комиссиясының төрағасы А. Байжановтың басшылығымен облыстық әкімдіктің кіші залында іске асырылды.

Жиналыс барысында барлық қатысушыларға «Қоныс – 2017» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуларын өткізу бойынша, штаб басшылығы берген тапсырмалар, соның ішінде жаттығуды өткізу тәртібі жеткізілді. Оқу-жаттығудың басшысы мен облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің бастықтары тыңдалды.
Оқу-жаттығу аясында Қарабұлақ кенті, Н.Алдабергенов атындағы орта мектепте мүдделі азаматтық қорғау қызметтерінің қатысуымен эвакуациялық органның элементтерін толыққанды көрсете отырып арнайы  тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Жаттығу барысында қабылдау-эвакуациялық пунктінің жұмысы көрсетілді. Сонымен қатар, аталған жаттығу барысында Талдықорған қаласында орналасқан № 9 орта мектеп базасында жинақтау-эвакуациялық пунктінің жұмысы көрсетілді.
Аталған іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары – эвакуация комиссиясының төрағасы А. Байжанов оқу-жаттығудың белгіленген жоспарға сай және сапалы өткізілгеніне мән беріп, ұйымдастырушылардың жұмысына жоғары баға берді.
Оқу-жаттығудың соңында қатысушылар облыс әкімінің орынбасары – эвакуация комиссиясының төрағасы А. Байжановтың басшылығымен «Қоныс – 2017» РШКОЖ штаб басшылығы өткізген ВКЖ режимінде өткен селекторлық жиынға қатысты.
«Қоныс – 2017» РШКОЖ дайындау және өткізу туралы ақпараттар ҚР ІІМ ТЖК сайтына басылымдарда жолданып, облыстық, аудандық және қалалық газеттерде жарияланды.

Алматы облысы ТЖД
азаматтық қорғау басқармасы.