АНТИКОР: ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫНЫҢ КӨТЕРІЛГЕНІН БАЙҚАСАҢЫЗ, ХАБАРЛАСЫҢЫЗ

Уақыты: 13.08.2020
Оқылды: 934
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Дәрі-дәрмек бағаларының көтерілуін болдырмау, сондай-ақ, халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңір дәріханаларында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шекті бөлшек сауда бағаларын көрсете отырып, афишаларды орналастыруды ұйымдастырды.

Бұл жұмыс Алматы облысында өткен аптада басталды.

Афишаларда ең көп сұранысқа ие 5 дәрі-дәрмек көрсетілген, сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі бекіткен дәрі-дәрмектердің жаңартылған толық тізбесіне сілтеме жасай отырып, QR-код орналастырылған.

Бүгінде бұл тәжірибе халық үшін пайдаланудың ыңғайлылығына байланысты өзінің оң әсерін көрсеткенін айта кету керек.

Бұл бастама "Антикор" орталығы мен "Жетісу адалдық алаңының" ұйымдастыруымен қолған алынып отыр. Мәселен, мұнда парацетамол 128 теңге, аспирин 121 теңге, ингавирин 3077 теңге, антигриппин 412 теңге, аспирин карди 1680 теңге болып бекітілген. Егер аталған дәрілердің осы шекті бағалардан қымбат екенін, үстіне қосылып сатылып жатқанын байқасаңыз, "Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Аманжол Жазықбаевқа (телефоны: 87019940707) немесе тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Алматы облысындағы департаментіне (8 7282 60 11 80) хабарласуға болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"