"БЕТІНДЕ ДАҚТАРЫ БАР": ТАЛДЫҚОРҒАН ПОЛИЦИЯСЫ 15 ЖАСАР БАЛАҒА ІЗДЕУ САЛДЫ

Уақыты: 26.08.2020
Оқылды: 1272
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорған қалалық полиция басқармасы 2005 жылы 29 маусымда туған Нүсіпбаев Әділет Мақсатұлына іздеу жариялайды. Ол 2020 жылғы 12 тамызда үйінен белгісіз бағытта кетіп қалып, қайтып оралмаған.

Жоғалған балаға тән белгілер: бойы 160-165 см, дене бітімі орташа, азиялық келбет, өңі ашық, шашы қысқа, көздері қара-қоңыр, бетінде кішкентай туа біткен дақтары бар.

Үстіне көк түсті спорттық трико, қара түсті футболка және қоңыр түсті жеңіл аяқкиім киген.

Жасөспірім туралы немесе оның мекенжайы туралы қандай да бір ақпараттарыңыз болса, келесі телефондарға хабар берулеріңізді сұраймыз: 8(7282)608066; 8-707-971-89-23, немесе 102.

Құпиялылыққа кепілдік беріледі.

Қазіргі уақытта жасөспірімді іздеу жұмыстарына Талдықорған қаласы полиция басқармасының толық жеке құрамы, жақын орналасқан қалалар мен облыстың полиция органдарының бөлімшелері, сондай-ақ, еріктілер мен қоғам өкілдері жұмылдырылған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"