"КЕЗ КЕЛГЕН СЫН БІЗГЕ САБАҚ": СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АШЫҚТЫҚ ПЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІК

Уақыты: 30.08.2020
Оқылды: 1546
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«Әділеттілік бар екенін білу жеткіліксіз, оның жүзеге асырылып жатқанын көру керек». Бұл XVII ғасырда Ұлыбританияда тұжырымдалған, Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотпенен бекітілген (Делькурдың Бельгияға қарсы ісі) қағида.

Ежелгі тарихына қарамастан, бұл қағида бүгінгі күннің өзінде өзекті. Жариялылық қағидаты – демократияның орнауының жалпы көрінісі. Мемлекеттік мереке қарсаңында осы қағидаға ерекше тоқталғым келеді, өйткені, сөз бостандығы бізге Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген (20-бап).

2020 жылы 30 тамызында Конституцияның қабылданғанына 25 жыл толды, ширек ғасыр бұрын Қазақстан мемлекет кұрудың жаңа бағытын жариялады. Конституция шын мәнінде әркімде туа пайда болатын бостандық пен құқықтың сақталуының кепілі екенін мойындауымыз керек.

Азаматтық белсенділіктің артуы мемлекеттік органдардан «кері байланыс» орнатуды, «естуші мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруды және баспасөз қызметі институтын нығайтуды талап етеді.

Бүгінде қоғам үшін толық жабық, оның бақылауынан тыс өмір сүретін бір де бір мемлекет саласы қалмады деп айта аламыз. Егер де бір жайт күмән тудырса, немесе ол туралы жеткілікті және жан-жақты ақпарат берілмесе, қоғам дереу белсенділік танытып, наразылығын білдіреді. Сондықтан да, уақытылы толыққанды ақпарат беру – Конституциямен кепілдендірілген жариялылық қағидатын сақтау тәсілдерінің бірі.

Сот жүйесіне де бұл қағиданы сақтау шарт.

Жариялылық - демократияның ажырамас бөлігі және барлық мемлекеттік органдар үшін міндетті. Сот саласындағы маңыздылығына келсек, жариялылық - сот төрелігін жүзеге асырудағы әлеуметтік бақылау, заң нормаларын сақтау және азаматтардың сот қорғауына кедергісіз қолжетімділігін жүзеге асыруында. Бұл факторлар өз кезегінде әр судьядан бейтараптылық пен әділділік танытуды, өз мінез-құлқына дұрыс басшылық жасауды талап етеді.

Ақиқатқа сай келетін ақпаратты тарату азаматтар мен БАҚ өкілдері үшін сот жүйесіне қолжетімділікті және ашықтықты қамтамасыз етіп, қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал етеді.

«Бэкграунд»

Коронавирустық пандемия жалпы соттардың болмысы мен дамуын «бұрын» және «кейін» деп бөлді. Осыған байланысты соттар жұмыстың жаңа форматына көшуге мәжбүр болды, бұл өз кезегінде инновациялық технологияларды қолдануды талап етті. Бірқатар заңдарға қабылданған түзетулер мен өзгерістер бұған дәлел.

Елімізде сот жүйесінің құрылуы кезде, процестер – желілік қамтылу орнаған аймақта әр түрлі мессенджерлердің қолданылуымен өткізіледі деп елестете алдық па? Сол кезеңде соттарды цифрландырудың негізі қаланды. Ал қазіргі уақытта бұл бағыттағы жұмыс заманауи технологиялардың дамуымен өз жалғасын табуда.

Төтенше жағдай кезеңінде соттардың жұмысы толығымен электронды форматқа көшірілді. Осы уақытта соттардың баспасөз қызметтері іс жүзінде «кері байланыс» орнатудың жалғыз құралы, ақпарат көзі болып келді. Яғни, баспасөз қызметі жұмыс сапасын жоғалтпай, жұмыстың жаңа форматына көшті, оның қоғамдағы рөлі артты. Сонымен бірге, карантин кезінде адамдар соттарға тікелей жүгіну және сот отырысына тікелей қатысу мүмкіндігінен айырылды. Мұнда, әлеуметтік желілердің, сондай-ақ баспасөз қызметінің жұмысы маңызды орынға шықты.

- Шағым жазып, оны сот кабинеті арқылы жіберудің не керегі бар? Facebook, Instagram бар емес па?

- Болмай жатса, бейнежазбаны Youtube-қа тікелей эфирден немесе жазып алғаннан кейін жүктей салам...

- Бұл істе, бастысы, көрсетілім жинау, былайша айтқанда «Хайп» ұстау, әрімен қарай қоғам сен үшін бәрін өзі жасап береді... - бұл кейбір блогердің ойлары.

Көріп отырғанымыздай, пандемия жағдайында әлеуметтік желілер арқылы өтініштер беру ғана емес, жағымсыз ақпаратты «салып жіберу» де өсіп келді, мақсаты нақты істер бойынша мән-жайларды бұрмалау, іс қаралып жатқан сотқа қысым көрсету.

Мұнда көп пікір алмасып, ойлар бөлісуге болады, бірақ менің ойымша, тек сынды ғана көру және есту дұрыс емес. Расында, сот отырысына екі тарап қатысады, сәйкесінше сот шешіміне қанағаттанатын және қанағаттанбайтын адамдар болады. Судьяларға атына келіп түсетін алғыс хаттарын жариялаған посттарды жақтырмаушылардың дені осыған дәлел.

Әлеуметтік желілердегі жағымсыз пікірлердің пайыздық үлесін талдағанда, бірнеше рет жауап берілгенін өтініштер туралы айта кету қажет. Бірақ, соттарға деген теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатымен, бұл қолданушылар желілерді теріс пікірлермен толтыруды жалғастыруда. Яғни, кейде жариялылық қағидасын теріс пайдалану орын алады, бірақ көп жағдайда негізінен бұл өз мақсатына жетпейді.

Мойындауымыз керек, шын мәнісінде қысылып отырған, әлеуметтік желіні өзінің шарасыздығынан қолдануға мәжбүр болатын адамдар да жоқ емес. Бұл жерде баспасөз қызметінің рөлін тағы да ескерте кетуіміз қажет. Яғни желі арқылы түсетін өтініштерге тез арада назар аударылып, оларға жауап қайтарылу үрдісі, сот жүйесінің ашықтық қағидатын сақтауға бағытталған жұмысын көрсетеді.

Әлеуметтік желілерді бақылау - бұл баспасөз қызметінің жалғыз міндеті болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл олай емес.

Біздің функция

- Ақпараттық қамтамасыз ету. Ол барлық қол жетімді ақпарат көздерінде (әлеуметтік желілер, видеохостингтер, жаңалықтар порталдары, газеттер, журналдар және басқалары) сот жүйесіне, соттардың қызметіне қатысты жаңалықтардың бар-жоғын бақылау арқылы жүзеге асырылады. Бірінші кезекте өтініштер (ұсыныстар, арыздар, шағымдар мен пікірлер) зерделенеді.

Баспасөз қызметі тек бөлім қызметкерлерімен ғана шектелмейді. Бұл жұмысты облыстық және аудандық соттардағы БАҚ үйлестіруші судьялар, сондай-ақ мамандар жүйелі түрде жүргізеді. Сондықтан, бүгінгі күні «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде 80 астам белсенді аккаунттар бар, оларға бірнеше онмыңдаған адамдар  жазылған.

Бақылау мақсатында біз Facebook-та 39 топта; Telegram-да 7 топта тұрамыз. Instagram-да 49 парақшаны; Twitter-де 36 адамды оқимыз. Youtube-те 11 арнаны; Интернеттегі барлық жаңалықтар порталдарын; 7 таңғы газетті - күн сайын, жұмыс уақыты ішінде қарап шығамыз. «Заман талабына сай келу үшін» жазылымдардың саны күн арта өсіп келеді, тәулік бойы бақылау жасауды талап ететінін атап өткен жөн.

- Өтiнiштерге жауап беру. Жоғарыда айтылғандай, адамдарға Сот кабинетінде аутентификация процедурасынан өтіп, ресми жауап күткеннен гөрі, әлеуметтік желілерде үндеу жазу және жариялау (көбінесе шағымдар, өтініштердің жалпы санының 73 пайызы) оңайырақ.

Баспасөз қызметі барлық өтініштерге жедел назар салады. Соттармен байланыс орнату үшін сұратылған ақпарат болсын, бұзылған құқықтар туралы шағым келіп түссін – ешбір пайдаланушыға, өтінішке  не  артықшылық берілмейді. Келіп түскен өтініштер бойынша процессуалдық рұқсат етілген шеңберде тексеру жүзеге асырылады.

- Сот жұмысын ақпараттық сүйемелдеу. Алматы облыстық сотында келесідей әлеуметтік желілерде ресми парақшалар бар (көк түсті үстінен басыңыз):

Facebook, Instagram, Telegram, соттың ресми вeб-сайты  және Youtube бейне хостингіндегі арна бар. Бұл не береді?

Ресми парақшаларда хабарламалар (мәтіндік, аудио-бейне хабарламалар, статистикалық мәліметтер, сауалнамалар және тағы басқалар) жариялау арқылы облыс соттарының жұмыстары сүйемелденеді. Бұл көпқырлы қызмет соттардың ашықтығы және қол жетімділігі қағидаты аясында жүзеге асырылатындығын еске салу артық болар.

Соңғыларын мына сілтемелерден көрсеңіз болады. сілтеме-1, сілтеме-2, сілтеме-3.

Бір жылдан астам уақыттан бері облыстық соттың сот алқаларының жұмысы туралы «Апталық шолулар» жарияланып келеді, ал бір айдан бері бұндай жұмыс аудандық және оларған теңестірілген соттарды қамтыды.

Мақсаты - салық төлеушінің сот төрелігін жүзеге асырудың ауқымы мен нәтижесін көруі және білуі үшін.

Соттар халық үшін қолжетімсіз және жабық деген шағымдар көп түсіп келеді. Өз кезегімде, бар болғаны, интернет пайдаланушылар соттардың біраз уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан ресми парақтарына (үстінен басыңыз) жазылмағандықтарын айта аламыз. Сілтеме арқылы сіз өзіңізді қызықтыратын барлық толық ақпаратты ала аласыз.

- Өзекті істерді сүйемелдеу. Өкінішке қарай, кейбір қолданушылар әлеуметтік желілерді өз істеріне «өзектілік» беру үшін қолдануда. Әрине, кейбіреулер үшін әлеуметтік желі шынымен де «жан айғайын» естірту үшін соңғы мүмкіндік. Айта кетерлік жайт, мұндау өтініштер судьялар тарапынан мұқият зерттеледі.

Өкінішке қарай, әлеуметтік желілерде «жанжал» туғызып, әділеттілікке қысым жасаушылар да бар. Қоғамдық пікірді басқара отырып, олар негізсіз судьяларды сынайды.

Көбіне азаматтар коммерциялық БАҚ осындай мақсаттарда пайдаланады, олар өз кезегінде өздерінің кәсіби мүмкіншіліктерін пайдаланып, мазмұны кейде сот төрелігін жүзеге асыруға араласу ретінде қарастырылатын материалдарды жариялайды. Мұндай жағдайларда баспасөз қызметі жедел түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін брифингтер, сұхбаттар, теріске шығарулар жариялайды.

Мысалға: сілтеме-1, сілтеме-2. сілтеме-3 (үстінен басыңыз).

- «Көпір» функциясы және басқалары. Баспасөз қызметі белсенді және тұрақты түрде әр түрлі тақырыпта семинарлар, брифингтер, дөңгелек үстелдер өткізді. Іс-шаралар сот жүйесіне ғана емес, қоғамның түрлі аспектілерін де қамтыды.

Ағымдағы жылдың 8 айында интернет желісінде 461 материал жарияланды, оның ішінде 250 астамы судьялар мен мамандардың тарапынан, 115 «дөңгелек үстел» мен онлайн кездесулер, 114 тренинг, 13 лекция, 7 брифинг өткізіліп, 33 рет ашық есік күні жарияланды, 500 астам мақала басылымдарда жарық көрді.

Бұл цифрмен көрсетуге болатын жұмыстың тек бір ғана бөлігі.

БАҚ мен соттар арасындағы «көпір» функциясы атқарылды, себебі, ұйымдастырушылық мәселелер екі тараптың әрекеттерінде мұқият дайындықты және тәртіптілікті қажет етеді. Сонымен қатар, баспасөз қызметінің күнделікті орындайтын басқа да міндеттері бар (күнделікті статистикалық есеп жүргізу, бақылау тапсырмалары орындау және басқалар).

Жоғарыда көрсетілгендей, пандемия баспасөз қызметінің жұмысына өзіндік түзетулер енгізді. Шындығына келгенде, ол тәулік бойы жұмыс істеді, әлеуметтік желідегі және бұқаралық ақпарат құралдарындағы азаматтардың барлық өтініштеріне жауап берді.

Пост соңында, желі пайдаланушыларымен орнатылатын кері байланыс, шолулар, пікірлер, пайдаланушылардың репосттары (олардың оң немесе теріс болғанына қарамастан) біздің жұмысымызды бағасы ретінде қабылданып, «шамшырақ» ретінде қай бағытта одан әрі даму керектігін көрсететіндігін атап өткім келеді.

Кез-келген сын бізге сабақ ретінде, одан әрі дамуға ынталандырушы болып қабылданады!

Құрметті отандастар! Қорыта келе, шын жүректен Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Қоғамда бейбітшілік пен келісім, елімізде тұрақтылық болсын, әрбір Қазақстан отбасында бақыт пен береке орнасын!

Н.ЖЕКЕНОВА,

БАҚ үйлестіруші-судья

Алматы облысы