ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ: БАРЛЫҚ КӨЛІК АЙЫП ТҰРАҒЫНА ҚОЙЫЛДЫ

Уақыты: 19.09.2020
Оқылды: 900
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында болған үйлену тойының соңы жүргізушілерге айыппұл салумен аяқталды. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кортеж жүргізушілеріне арналған кезекті той соңы хаттамалар мен айып тұрағына ұласты. Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Қарасай аудандық полицейлері Жандосов көшесінің бойымен келе жатқан үйлену тойы кортежіндегі ВМW, Mercedes, Ваз-2107, Ваз-21014 маркалы автокөліктерінің төрт жүргізушісінен он әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Сонымен қатар, олардың әрқайсысына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 590-б.5 б., 590-б.2 б., 603-б.2 б., 612-б, 1 және 6 бөліктері бойынша, атап айтқанда, "Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу", "Көлік құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу", "Көлік құралын құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның басқаруы" баптарымен хаттама толтырылды.

Төрт көлік те айып тұрағына қойылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"