ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ӘСЕРЛІ БЕЙНЕМАТЕРИАЛ ДАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 14.12.2020
Оқылды: 793
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының полициясы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы әлеуметтік бейнеүзікті (үстінен басыңыз) таныстырды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Алматы облысының полиция департаменті қызметі барысында қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларына ерекше назар аударады. Осыған орай, тұрақты негізде ең өзекті тақырыптарға бейнематериалдар әзірленеді.

Полиция бүгінгі таңда өзекті қоғамдық проблемалардың бірі – отбасылық-тұрмыстық қатынастағы зорлық-зомбылық екенін атап өтті.

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында полицейлер әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған шаралар қабылдауда. Сонымен қатар, полиция отбасы-тұрмыстық қатынастардағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері бойынша зорлық-зомбылықтың құрбаны болған адамдар жүгіне алатын «тікелей желі» телефондарын хабарлады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз немесе куәгер болсаңыз мына телефондарға хабарласыңыз: 8(7282)28-00-05 (13-01).

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"