ХАЛЫҚТЫҢ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТІ ТӨМЕН: ОНЛАЙН СЕМИНАР

Уақыты: 19.12.2020
Оқылды: 1032
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлықты, құқық бұзушылықтарды зерделеу және талқылау, халықтың құқық бұзушылыққа "нөлдік" төзімділігін қалыптастыру бойынша бірқатар іс-шара өткізілді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқару тиімділігінің, елдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне алып келеді, қарышты әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейді. Біздің еліміздің басшылығы сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей түрде қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.

Осы бағыттағы жұмысты күшейту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен "Республиканың 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы" атты жаңа бағдарламалық құжат бекітілді.

Стратегияда сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі ретінде халықтың құқықтық мәдениетінің төмен деңгейі, "бұл арам" ұғымының аздығы, қызметкерлерге оның пайдакүнемдік, құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік беретіні көрсетілген. Сондай-ақ, мұндай келеңсіз жайттарға азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру бойынша кешенді және мақсатты ақпараттық жұмыстың болмауы да себеп.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдісі ретінде құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және парасаттылық мәдениетін дамыту бойынша онлайн-семинарлар мен кездесулер өткізілді.

Онлайн-семинарлар мен кездесулерді өткізу үшін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу орталығының білікті мамандары Жаров Ержан мен Қабылдин Айбек шақырылды.

Іс-шара «Мархабат.KZ Мүгедектер Қоғамы» ҚБ-мен Алматы облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы бойынша ұйымдастырылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан