«Адай» күйін ойнатып, жалынып сұрайық": Ринат Зайытов ұлттық аспаптарды ұшаққа кіргізуге рұқсат беруін сұрады

Уақыты: 05.06.2023
Оқылды: 1245
Бөлім: ТҮПСАНА

Әр аптада өз айшығын "кестелейтін" Үкімет сағаты тағы бір орынды ұсынысты тыңдағандай болды. Онда депутат Ринат Зайытов Индустрия министрлігінен ұшаққа ұлттық аспаптарды кіргізу мәселесін шешіп беруін ұсынды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Депутат әлеуметтік желіде көтеріліп жатқан мәселе төңірегінде тоқталып, қазақтың ұлттық аспабын "менсінбей" отырған әуе компанияларына дұғай-дұғай сәлем де жолдады. 

Оқи отырыңыз:  "Адамдар нан таба алмай отырса": Ринат Зайытов Мәжілісте жаңа жобаны "сойып" салды

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қатысты қойылатын сұрақ бар. Азамат Өмірзақұлы (вице-министр), бұл тақырып қазір әлеуметтік желілелерде көтеріліп жатыр. Өзіңіз де әлеуметтік желіден көрген шығарсыз. Біріншіден, қазір әуе компанияларында қазақтың ұлттық аспаптарына қарсы, әдейі бір жоспар құрып жатқан сияқты. Домбыраның ішінде бірде-бір металл жоқ. Оның құрамында қойдың ішегі мен қарағайдың ағашынан басқа ештеңе жоқ. Оның ешқандай зияны жоқ, - деді депутат.

Ұқсас тақырып: "Кісі өлтірген адамдарға мешіт салдырайық": Ринат Зайытов қатты айтты

 

Зайытов мәселе шешілмесе, басқаша "қадамға" да баруға тура келетінін жеткізді.

«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп ақын Қадыр Мырза Әлі айтпақшы, бұл – мемлекетіміздің айнасы. Әуе компанияларына дұғай-дұғай сәлем айтыңыз. Мәселені қалай болса да шешіп беріңіздер. Қазақта өзі 4-5 ұлттық аспап бар. Оларды ұшаққа кіргізуге рұқсат беріңіздер. Егер рұқсат берілмесе, қолдарыңыздан келмесе, онда Астана мен Алматы әуежайына жоқ дегенде мың домбырашыны қойып, Адай күйін орындап, жалынып сұрайық», - деді ол.

Тағы оқыңыз: Ринат Зайытов: "Халықтың ащы дауысын естіп жатқан ешкім жоқ па?"

Фото: ашық дереккөзден