Бас мүфти: Балиғат жасына толмағандарға орамал тағу парыз емес

Уақыты: 11.10.2023
Оқылды: 1110
Бөлім: ТҮПСАНА

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысының кулуарында қыз баласы қанша жасынан орамал тағу керегін айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Мектепке оралмал тағып келуге рұқсат етпей жатқан қыздарға не істеу керек?, – деп сұрады журналистер бас мүфтиден.

Қазіргі таңда бұл мәселе қаралып жатыр. Біз ҚМДБ бұған қатысты мәлімдеме жасадық. Біз қоғамдағы тыныштықты, бірлікті бірінші кезекте ойлауымыз керек. Мектепке барып жатқан балаларымыздың мәселесін мұғаліммен кеңесіп, өз араларында шешкені абзал болады. ҚМДБ қыз баласының балиғат жасына келген кезінде орамал тарту керегі шариғаттың талабы екенін айтты. Сол себепті қыз баласы балиғат жасына қай кезде келеді сол кезден бастап дініміз, егер ол дін саласында жүрген болып, мұсылман шарттарын орындап жүрген болса, оған айтылған мәлімдемелерді жарияладық, - деп түсіндірді ол.

Сөзінше, ҚМДБ-ға қарасты 9 медресе бар. Соның бірнешеуінде қыз балаларды 9-сыныптан бастап қабылдап, оқытып жатыр.

Сондықтан орамал тағып, медреселерде оқығысы келетін қыздарға осындай балама мүмкіндіктер жасалған. Медресе Оқу-ағарту министрлігі бекіткен стандарттар бойынша колледжге қатысты білім береді. Ол жерде Ислам діні және өзіміздің зайырлы колледжге арналған мектептегі зайырлы және діни пәндер беріледі, - деп айтты бас мүфти отырыстың кулуарында.