ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ БҰРЫНҒЫ ЖЕЗДЕСІН ЖАҒЫНАН ҰРЫП ӨЛТІРІП ҚОЙДЫ

Уақыты: 07.02.2022
Оқылды: 1360
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Іле ауданының полицейлері кісі өлтірді деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Жәпек батыр ауылының 29 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өзінің туған әпкесін балағаттағаны үшін ер адамды жақ сүйегінен соғып, өлтіріп тастаған. Жәбірленуші асфальтқа құлап, жарақат алады. Одан кейін күдікті ес-түссіз жатқан ер адамды көтеріп, "Жедел жәрдем" шақырған", - деді Іле аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Күштібаев.

Тергеу барысында белгілі болғанындай, Бақтыбай ауылының 31 жастағы тұрғыны бұрын бірге тұрған адамының үйіне мас күйінде келіп, балағат сөздер айтып, сыртқы есікті аш деп айқайлаған. Мұны естіген әйелдің ағасы одан сыртқа шығып сөйлесуін өтінеді. Әңгімелесу барысында күдікті ауыр соққы жасаған.

Ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының бірінші бөлігі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"